Хромтау ауданының Көктау және Тассай ауылдық округтерінің
әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы
хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидаттарды тіркеді:
- Әліп Асылбек Еділұлы, 1997 жылы дүниеге келген, «Көктау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Көктау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған;
- Нұғманова Зәмзәгүл Бекқазықызы, 1979 жылы дүниеге келген, «Жұлдыз» балабақша» МҚКМ-нің меңгерушісі, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Көктау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған;
- Осмаханов Бақытбек Серікұлы, 1984 жылы дүниеге келген, Көктау ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Көктау ауылының тұрғыны, «AMANAT» саяси партиясы ұсынған;
- Әбдіров Ербол Амангелдіұлы, 1986 жылы дүниеге келген, Тассай ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Тассай ауылының тұрғыны, «AMANAT» саяси партиясы ұсынған;
- Әділжанов Нұркен Өміржанұлы, 1988 жылы дүниеге келген, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы «Хромтау аудандық кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған;
- Скендір Рақымжан Сәдуұлы, 1983 жылы дүниеге келген, «Тассай орта мектебі», КММ-нің директоры, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Тассай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.