Хромтау қаласы және Хромтау ауданының ауылдық округтері аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру
Өтініштерді қабылдау: 2022 жылғы 5 - 19 қыркүйек аралығы.
Қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Хромтау қаласы, Республика көшесі 784, 2 қабат 217 кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (71336) 59-9-87. Конкурсқа қатысуға өтінімдер (конкурстық өтінім) 2022 жылғы 19 қыркүйек сағат 17:30-ге дейін қабылданады.
Конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қатысушы мөрленген конвертте береді. Конвертте көрсетілуі керек: қатысушы туралы мәліметтер (кәсіпкерлік субъектісі), байланыс ақпараттары, берілген күні. Өтінім тігілген және нөмірленген болуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінім келесі құжаттардан тұрады:
1) конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес, орынның нөмірін нақты көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтініш;
2) өтініш берушінің немесе өкілінің сенімхат бойынша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) ұйымның нысанын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) кәсіпорынның мөрімен расталған өкілдің уәкілеттілігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) эскиздік жобаның көшірмесі немесе стационарлық емес сауда объектісінің фотосуреті;
6) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
7) өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері (келісімшарттардың көшірмесі, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскесінің болуы туралы мәліметтер және т. б.);
8) салық органының салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы анықтама.
Бірнеше орынға өтінім беруге қатысқан жағдайда, әрбір орынға жеке өтінім беріледі.
Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттар өтініш берушіге қайтарылмайды.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға тапсырылған өтінімдерде қамтылған мәліметтер және ақпараттың құпиялылығын конверттерді ашқанға дейін оның жабық түрде сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Қатысушы өтінімді конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды және оны ұсынған тұлғаларға қайтарылады. Берілген өтінімдерді өзгертуге рұқсат етілмейді.
Конкурстық құжаттама танысу үшін электрондық түрде https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau?lang=kk ресми сайтында жарияланған, сонымен қатар, талап бойынша қатысушыға қолма қол ұсынылады.
Конкурстың қорытындысы конкурс комиссиясының отырысы өткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Хромтау ауданы әкімдігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau?lang=kk ресми сайтында жарияланады.
Хромтау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
|
№ |
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары |
Орналасқан алаңы, (шаршы метр) |
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл |
Жақын арадағы инфрақұрылымды есепке алғандағы қызмет саласы (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда обьектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану обьектілері) |
|
1 |
Хромтау қаласы, Орталық саябақтың ішінде №7 орын |
15 |
5 |
жоқ |
|
2 |
Хромтау қаласы, Орталық саябақтың ішінде №8 орын |
15 |
5 |
жоқ |
|
3 |
Хромтау қаласы, Әуезов көшесі №3, Фердаус дүкенінің оң жағында № 1 орын |
120 |
5 |
«Әйгерім» дүкені |
|
4 |
Хромтау қаласы, Жеңіс көшесі №2, «Балдаурен» балалар ойын сауық орталығына қарама-қарсы №4 орын |
35 |
5 |
жоқ |
|
5 |
Хромтау қаласы, Жеңіс көшесі №2, «Балдаурен» балалар ойын сауық орталығына қарама-қарсы №5 орын |
35 |
5 |
жоқ |
|
6 |
Хромтау қаласы, Жеңіс даңғылы "Халық банкі" ғимаратының сол жағында №1 орын |
120 |
5 |
жоқ |
|
7 |
Хромтау қаласы, Әліпов көшесі № 1, такси тұрағының сол жағында №1 орын |
10,5 |
5 |
жоқ |
|
8
|
Абай ауылы, Мектеп көшесі № 17 саябақ аумағы №1 орын |
100 |
5 |
жоқ |
|
9 |
Ақжар ауылы, Әйтеке-би көшесі № 15, саябақтың қасында №1 орын |
100 |
5 |
жоқ |
|
10 |
Ақжар ауылы, негізгі жолға қарама-қарсы №1 орын |
50 |
5 |
жоқ |
|
11 |
Бөгетсай ауылы, Сырлыбай Бекбаева көшесі № 4 стадионға қарама-қарсы №1 орын |
40 |
5 |
жоқ |
|
12 |
Дөң ауылы, Тұрлыбаев көшесі №17 Орталық саябақтың алдында №1 орын
|
50 |
5 |
«Астана» дүкені
|
|
13 |
Дөң аулы Турлыбаев көшесі, жолдын алдында №1 орын |
60 |
5 |
«Қуаныш» дүкені
|
|
14 |
Көктау ауылы , Геологтар көшесі № 5, № 5 үйдің оң жағында №1 орын |
60 |
5 |
жоқ |
|
15 |
Көктау ауылы, саябаққа қарама-қарсы №1 орын |
90 |
5 |
жоқ
|
|
16 |
Қызылсу ауылы, Абай көшесі 25, мектептің оң жағында №1 орын |
50 |
5 |
жоқ |
|
17 |
Майтөбе ауылы, Бейбітшілік көшесі медициналық пунктың сол жағында №1 орын |
50 |
5 |
жоқ |
|
18 |
Майтөбе ауылы , Жастар саябағы спорт алаңның алдында №1 орын |
90 |
5 |
жоқ |
|
19 |
Құдықсай ауылы, Мектеп көшесі № 1, спорт алаңның оң жағында №1 орын |
30 |
5 |
жоқ |
|
20 |
Құдықсай ауылы Жеңіс көшесі №8, орталық саябақтың алдында №1 орын |
40 |
5 |
жоқ |
|
21 |
Қопа ауылы, Молдағулова көшесі №10 №1 орын |
57 |
5 |
«Тағам» дүкені |
|
22 |
Никельтау ауылы, Мектеп көшесі № 5, мәдениет үйінің аумағында №1 орын |
100 |
5 |
жоқ |
|
23 |
Тасөткел ауылы, Сай көшесі № 24 , мәдениет үйінің оң жағында №1 орын |
48 |
5 |
жоқ |
|
24 |
Табантал ауылы, «Бакытты бала» саябағының сол жағында №1 орын |
50 |
5 |
жоқ |
|
25 |
Тассай ауылы Есет-Батыр көшесі №1 , дүкеннің оң жағында №1 орын |
50 |
5 |
«Алсу» дүкені
|