Хромтау аудандық сайлау комиссиясының
Қ А У Л Ы С Ы
Хромтау ауданының Көктау және Тассай
ауылдық округтері әкімдерінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Хромтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Хромтау ауданының Көктау және Тассай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2022 жылғы 25 қыркүйекке тағайындалсын.
- Көктау және Тассай ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 27 тамыздан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 9 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Көктау және Тассай ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 14 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Хромтау аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Хромтау» газетінде жариялансын.
Хромтау аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы Н. Хасанов
Хромтау аудандық
сайлау комиссиясының
хатшысы Қ. Диярова
Хромтау қаласы,
2022 жылғы 26 тамыз,
№ 60