Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

2022 жылғы 31 шілдеде Хромтау ауданының Тасөткел ауылдық округінің әкімін сайлау 1  сайлау округі бойынша өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына,  44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының  Хромтау ауданының Тасөткел ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттама негізінде Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

Тасөткел сайлау округі

Тасөткел ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 230 азамат енгізілді, олардың 280-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 2, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны -0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Алтаев А.А. – 31; Баймурзин А.К. – 230;  Құралбаева Г.С.  – 17.

Баймурзин Асылбек Кәдіржанұлы, 1977 жылы дүниеге келген, Тасөткел ауылдық округінің ветеринарлық пунктінің меңгерушісі, Тасөткел ауылдық округінің Тасөткел ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған Тасөткел ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 1 тамыздағы №23 шешімімен 2022 жылғы 31 шілдеде  сайланған Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
01 августа 2022