Хромтау ауданының Тасөткел ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

Хромтау аудандық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

 

Хромтау ауданының

Тасөткел ауылдық округінің әкімін сайлау

жөнінде сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Хромтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Хромтау ауданының Тасөткел ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:

 

1) Тасөткел сайлау округі - Тасөткел ауылы аумағының шекараларында.

 

  1. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Хромтау аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Хромтау» газетінде жариялансын.

 

 

Хромтау аудандық

сайлау комиссиясының төрағасы                                 Н.Хасанов

 

Хромтау аудандық

сайлау комиссиясының  хатшысы                              Қ. Диярова

 

 

 

 

 

Хромтау қаласы,

2022 жылғы 01 шілде,

№ 57

 

 

 

 

Дата публикации
01 июля 2022