Хромтау ауданының Тасөткел ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Хромтау аудандық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

 

Хромтау ауданының Тасөткел ауылдық

округі әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Хромтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Хромтау ауданының Тасөткел ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 31 шілдеге тағайындалсын.
  2. Тасөткел ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 02 шілдеден басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы  2022 жылғы 15 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  3. Тасөткел ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 20 шілдеде  жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  4. Осы қаулы Хромтау аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Хромтау» газетінде жариялансын.

 

 

 Хромтау аудандық

 сайлау комиссиясының төрағасы                            Н.Хасанов

 

 Хромтау аудандық

 сайлау комиссиясының  хатшысы                             Қ. Диярова

 

 

 

 

Хромтау қаласы,

2022 жылғы 01 шілде,

№ 56

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 июля 2022