Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы хабарлама

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

2022 жылғы 19 маусымда Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округінің әкімін сайлау 1  сайлау округі бойынша өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына,  44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының  Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттама негізінде Хромтау аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

 

Құдықсай сайлау округі

Құдықсай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 230 азамат енгізілді, олардың 121-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 4, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны -16.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Дербісов А.Ж. – 11; Жұмабай Қ.Ш. – 72;  Тлеубаев К.А.  – 18.

Жұмабай Қасым Шүйінішбайұлы, 1982 жылы дүниеге келген, Құдықсай ауылдық округінің әкімі, Құдықсай ауылдық округінің Құдықсай ауылының тұрғыны, «AMANAT»  партиясы ұсынған Құдықсай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 20 маусымдағы №22 шешімімен 2022 жылғы 19 маусымда  сайланған Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 июня 2022