Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округінің әкіміне
кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Құдықсай ауылдық округінің әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
- Дербісов Айдос Жолжанұлы, 1981 жылы дүниеге келген, «Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Құдықсай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған;
- Жұмабай Қасым Шүйінішбайұлы, 1982 жылы дүниеге келген, Құдықсай ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Құдықсай ауылының тұрғыны, «AMANAT» саяси партиясы ұсынған;
- Тлеубаев Кенжетай Алдабергенұлы, 1986 жылы дүниеге келген, «Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің басшысы, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.