Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы қаулы

Хромтау аудандық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

Хромтау ауданының

Құдықсай ауылдық округінің әкімін сайлау

жөнінде сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Хромтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:

 

1) Құдықсай сайлау округі - Құдықсай ауылы аумағының шекараларында.

 

  1. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Хромтау аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Хромтау» газетінде жариялансын.

 

 

 

Хромтау аудандық

 сайлау комиссиясының  төрағасы                       Н.Хасанов

 

Хромтау аудандық

сайлау комиссиясының   хатшысы                        Қ. Диярова

 

 

 

 

 

Хромтау қаласы,

2022 жылғы 20 мамыр,

№ 49

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 мая 2022