Хромтау аудандық сайлау комиссиясының
Қ А У Л Ы С Ы
Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық
округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Хромтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 19 маусымға тағайындалсын.
- Құдықсай ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 21 мамырдан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 03 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Құдықсай ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 08 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Хромтау аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Хромтау» газетінде жариялансын.
Хромтау аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы Н.Хасанов
Хромтау аудандық
сайлау комиссиясының хатшысы Қ. Диярова
Хромтау қаласы,
2022 жылғы 20 мамыр,
№ 48