Қазіргі уақытта Хромтау ауданы бойынша Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шеңберінде "Данияр" шаруа қожалығының нысандарын электрмен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде (басшысы-Уразимбетова Күләш Сағынтайқызы).
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы жалпы сомасы 34 млн.теңгеге ашық конкурс жариялады. "Ақтөбе облысының Хромтау ауданы , Дөң ауылдық округі, Оңғар ауылы мекенжайында орналасқан "тас" базасына дейін "Оңғар" ауылынан ВЛ-10 сыртқы электрмен жабдықтау" объектісі бойынша алдын ала өтінімдерді қабылдау аяқталатын күн 2022 жылғы 20 мамыр.