Хабарлама

  Хабарлама

 

             «Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының  білім бөлімі» ММ Хромтау қаласындағы  22 кварталда 230 орын болатын    «Жұлдыз-ай» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік қазыналық  коммуналдық кәсіпорын құру  туралы хабарлама  жасайды.

             Мекен жайы: Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қаласы,   Республика көшесі, 59 "Б" үйде орналасқан.

Нарық субъектісін құру мақсаты:

  • Хромтау қаласында балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу саласында мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді орындау;
  • Мектепке дейінгі 320 баланы сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;
  • Хромтау қаласында 85 жаңа жұмыс орнын құру

  Қызмет түрлері:  Кәсіпорын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жүзеге асырады:

Мектепке дейiнгi ұйымда  бiр жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу, дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсету көлемін, оның ішінде тәрбиленушілерге инклюзивті білім беруді іске асыру үшін орындауды қамтамасыз етеді.

         Кәсіпорын  құру  туралы ұсыныстарды күтеміз.

Ұсыныстар хабарлама шыққаннан кейінгі 30 күн ішінде қабылданады.

Байланыс телефондары:

Қабылдау бөлімі тел/ факс: 8/71336/ 21-6-52;8/71336/ 21-6-51

Хромтау аудандық білім бөлімінің басшысының м.а Н.Калниязова
Ұялы тел: 8(705)9182023

Электрондық почта: khromtau-raioo@mail.ru

 

 

 

Дата публикации
04 февраля 2022