Хромтау аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысын шығару ХАТТАМАСЫ №2

Хромтау аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысын шығару

ХАТТАМАСЫ №2

 

 

Хромтау қаласы                              «22» ақпан 2022 ж.                             10 сағат 00 минут

 

Қатысқандар:

  1. Комиссияның төрағасы: Жаконов Сәндібек Мұратұлы – Хромтау аудан әкімінің орынбасары;

Комиссия мүшелері:

  1. Ершеге Манас Игнатұлы – Хромтау ауданы әкімінің аппарат басшысы;
  2. Аманшиев Альби Жаекпаевич – «Хромтау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы;
  3. Бисембин Жұлдызбек Темірбекұлы – Хромтау қаласының әкімі;
  4. Биржанов Марал Кансултанович – аудандық мәслихат депутаты;
  5. Молдыгарин Тойлыбай – Хромтау аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшесі;
  6. Уразов Есенбол Амандыкович – Жергілікті қауымдастық мүшесі;
  7. Болатов Эльмурат Болатович – «Нұр Отан» партиясының Хромтау аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары;
  8. Шегирбаева Жаңыл Сейткалиевна – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Хромтау аудандық филиалының директоры;
  9. Беристенов Мурат Амангелдіұлы – жергілікті қауымдастық мүшесі;
  10. Биржанов Куаныш Кашкимбаевич – Хромтау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы;

 

Жер учаскелері шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілуіне байланысты, Жер Кодексінің 43 бабының, 2-тармағына сәйкес комиссияның құрамы округ әкімдерімен және жергілікті қоғамдастық жиналысы жіберген халық өкілдерімен толықтырылып отыр:

  1. Суиналин Махамбет Арынғазыұлы Бөгетсай ауылдық округінің әкімі;
  2. Баймагамбетов Қуаныш жергілікті қоғамдастық жиналысы Аманиязович                                         жіберген халық өкілі;
  3. Зингин Арыстангали Касымович Көктөбе ауылдық округінің әкімі;
  4. Раимбаев Сагидулла Мутигулович жергілікті қоғамдастық жиналысы

жіберген халық өкілі;

  1. Сасырауов Аманкос Жанатұлы Тасөткел ауылдық округі әкімі;
  2. Баймурзин Асылбек             жергілікті қоғамдастық жиналысы

жіберген халық өкілі;

  1. Кушмагамбетов Алмат Қызылсу ауылдық округінің әкімі;

Жақсымбетович

  1. Есиркепов Қаныбек жергілікті қоғамдастық жиналысы Жубандыкович                                    жіберген халық өкілі;
  2. Жұмабай Қасым Шүйінішбайұлы Құдықсай ауылдық округінің әкімі;
  3. Суеуов Аманбек Ақылбекұлы жергілікті қоғамдастық жиналысы                                                                           жіберген халық өкілі;
  4. Усмаханов Бахытбек Серикович Көктау ауылдық округінің әкімі;
  5. Батыров Турар Елеуович жергілікті қоғамдастық жиналысы                                                                            жіберген халық өкілі;

 

 

Комиссия хатшысы: Қазақбаев Аділбай Жексенбайұлы – «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы  және жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы.

 

Қатыспаған:

Бағынов Қахарман Дәуренұлы      «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл                                                                          шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі»                                                                          ММ басшысы;

Бекмағамбетов Жұмабай                Бөгетсай селолық округінің кеңесінің

Жақсылықович                                мүшесі;

Досмуратов Фархад                         «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және

Сабыртаевич                                                құжаттама басқармасы» ММ «Тарихи-мәдени

мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау

орталығы» КММ директоры;

Қазбаев Айдар                                  Хромтау аудандық мәслихат депутаты.

Асылханович

 

Комиссия құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатынасып отыр, жалпы санының кемінде елу пайызы өзін-өзі басқару органдары, үкіметтік емес ұйым мүшелері комиссия құқыққа сыйымды деп есептеледі.

Комиссия өтінімдердің сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктері, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеу, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексеру, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалау, салыстыру жұмысына кірісті.

Комиссия мүшелігіне қосылған ауылдық округ әкіміне және жергілікті қоғамдастық жиналысы жіберген халық өкіліне тек өздерінің ауылдық округтері бойынша дауыс беретіндігі түсіндірілді.

Дата публикации
01 марта 2022