Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2022 жылғы 20 ақпанда Хромтау ауданының Дөң ауылдық округінің әкімін сайлау 1 сайлау округі бойынша өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының Хромтау ауданының Дөң ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттама негізінде Хромтау аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Дөң сайлау округі
Дөң ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2316 азамат енгізілді, олардың 2107-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 6, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны -4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абдрахманова А.Қ. – 345; Аққұлов Е.І. – 1644; Мекетаев А.А. – 138.
Аққұлов Ербол Ізбасқанұлы, 1980 жылы дүниеге келген, Дөң ауылдық округінің әкімі, Дөң ауылдық округінің Оңғар ауылының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясы ұсынған Дөң ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Хромтау аудандық сайлау комиссиясы.