3-ақпан Бүкіләлемдік Сайлау күні

3-ақпан Бүкіләлемдік Сайлау күні

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылы 3 ақпанда Хромтау ауданының және Хромтау қаласының тұрғындарын орталық алаңда орналасқан LED экраны және Әйтекеби көшесінде орналасқан жүгіртпе жол арқылы бүкіләлемдік Сайлау күні туралы хабардар етіп құттықтады. Сонымен қатар Хромтау қаласындағы №480 және №484 сайлау учаскелерінде аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жұмаслу Мусақызы Үркенова №6 гимназиясының және тау-кен жоғары колледжінің ұжымдарымен, студенттермен және жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, жалпы сайлау жүйесі, сайлауға байланысты нормативтік-құқықтық актілер және аталып жатқан бүкіләлемдік сайлау күні туралы мағлұмат беріп, сұрақтарына жауап қайтарды. Осындай кездесулер №473 және №474 сайлау учаскелерінде өтті. Кездесулерді сайлау учаскелерінің төрағалары өткізді. Ақпараттық қамсыздандыру мақсатында Хромтау қаласында 3 және ауылдық округте 2 баннерлер орналастырылды.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы аудандық «Хромтау» газетіне «Сайлау және сайлау жүйесі. Бүкіләлемдік Сайлау күні» тақырыбында сұхбат берді.

Дата публикации
03 февраля 2022