Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
хабарламасы
Хромтау ауданының Дөң ауылдық округінің әкіміне
кандидаттарды тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Дөң ауылдық округінің әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
- Абдрахманова Айжан Қыдырбекқызы, 1981 жылы дүниеге келген, №1 Хромтау аудандық орта мектебінің директоры, Ақтөбе облысы, Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған;
- Аққұлов Ербол Ізбасқанұлы, 1980 жылы дүниеге келген, Дөң ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң ауылдық округі Оңғар ауылының тұрғыны, «Nur Otan» саяси партиясы ұсынған;
- Мекетаев Аманбек Әлімбекұлы, 1996 жылы дүниеге келген, «Қопа ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Қопа ауылдық округі Қопа ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.