Хромтау ауданының әкімі А. Б. Бекеттің халық алдында «Хромтау ауданының 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттері туралы» есеп беру баяндамасының тезистері
Биылғы жыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Бұл қазақ мемлекеттілігінің жандануы мен бостандыққа қол жеткізудің маңызды кезеңі, ата-бабаларымыздың көптен күткен арманы.
Ел мерейтойына арналған ағымдағы жыл ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметі Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларынан туындайтын міндеттерді орындауға, коронавирустық пандемиямен күресуге, барлық ресурстарды жұмылдыру және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру арқылы аудан халқының өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жол бермеуге бағытталды.
Пандемия мен одан кейінгі дағдарыс бүгінде бүкіл әлемнің бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерге тап болғанын айқын көрсетті. Осыған қарамастан, 2021 жылы уақтылы қабылданған шаралардың арқасында аудан экономикасының негізгі салаларында оң динамиканы сақтауға және әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсуін қамтамасыз етуге қол жеткізілді.
Экономикалық өсудің нақты көрсеткіштерінің бірі бюджетке салықтық түсімдер болып табылады. 2021 жылы аудандық бюджетке түсетін түсімдер көлемі 6 698,5 млн.теңгені құрап, болжам 103,6%-ке орындалды.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 13 751,4 млн.теңгені құрады.
Өнеркәсіп
Ауданның өнеркәсіп саласында «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы «Дөң тау-кен байыту комбинаты», «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС, «Копертекнолоджи» ЖШС, «Восход-Oriel» ЖШС, «Восход-хром» ЖШС, «Хромтау кірпіш зауыты» ЖШС және т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді.
2021 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 421 351,0 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылдың көлемінен 127 266,0 млн. теңгеге немесе 143,3% - ға артық (2020 жылы 294 085,0 млн. теңге), оның ішінде:
- өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 10 533,8 млн.теңгені құрады
- тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 406 182,4 млн. теңгені құрады. оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінің ең көп көлемін аталмыш кәсіпорындар құрайды: «Дөң тау-кен байыту комбинаты» АҚ - 75 077,7 млн.тг., «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС - 22 257,4 млн.тг., «Копертекнолоджи» ЖШС - 46 932,0 млн.тг., «Восход-Oriel» ЖШС - 11 017,0 млн.тг., «Восход-хром» ЖШС-19 299,0 млн.тг.
Кәсіпкерлік
2021 жылдың 12 айында тіркелген кәсіпкерлердің жалпы саны жалпы 2 580 бірлікті құрады, бұл ретте, негізгі үлесі жеке кәсіпкерлерге тиесілі – 1 752 бірлік (2020 жылы 1 711 бірлік), заңды тұлғаларға – 255 бірлік (2020 жылы 242 бірлік) және шаруа немесе фермер қожалықтарына – 573 бірлік (2020 жылы 554 бірлік).
Шағын және орта бизнес – аудан экономикасының негізгі қозғаушы күші, сондықтан кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында есепті жылы жалпы сомасы 1 165,1 млн.теңгеге 83 жоба іске асырылды. Осылайша, 30 жоба 240,9 млн.теңге сомасына субсидия алса, 51 жоба 924,2 млн. теңге сомасына кепілдікке қол жеткізді, ал, 2 жоба 8,0 млн. теңге сомасына мемлекеттік грант иеленді.
Есепті кезеңде ауданда жалпы сомасы 550,0 млн.теңгеге 11 кәсіпкерлік нысаны ашылып, 1 304 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.
Короновирустық инфекцияның алдын алу мақсатында ауданда 4 мониторингтік топ құрылды. Есепті жылы 524 рейдтік іс-шара өткізіліп, 4072 нысан тексерілді. Карантиндік шектеулер мен санитарлық талаптарды бұзған 74 кәсіпкер анықталып, оның ішінде 66 материал бойынша 7 890 485 теңге көлемінде әкімшілік жазалау шаралары қабылданды.
2022 жылға арналған міндеттер
1) Кәсіпкерлік субъектілері мен жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы іске асыруды жалғастыру. Хромтау ауданы Дөң ауылдық округі Оңғар ауылы мекенжайы бойынша орналасқан «Оңғар ауылынан «Тас» базасына дейін 10 кВ ӘЖ сыртқы электрмен жабдықтау» және Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Абай а/о Тассай ауылында орналасқан «Наурыз» ШҚ газбен жабдықтау» жобаларын қаржыландыруға ықпал жасау.
2) Бизнесті қолдау шеңберінде жеңілдікпен несиелендіру бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру. Ауданның кемінде 80 кәсіпорнына жеңілдетілген несие алуға жәрдемдесу («Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек»).
Инвестициялар
2021 жылы негізгі капиталға инвестициялар 122 515,1 млн.теңгені құрады, 2020 жылмен салыстырғанда (107 546,2) өсім 113,9%-ды құрады. Оның ішінде бюджеттік инвестициялар 5 490,6 млн. тг., жеке инвестициялар 115 164,2 млн. тг., банк несиелері және басқа да қарыз қаражаттары 1 860,3 млн.тг.
Жеке инвестициялардың негізгі көлемі «Дөң тау-кен байыту комбинаты» АҚ, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС, «Копертекнолоджи» ЖШС, «Восход-Oriel» ЖШС, «Восход-хром» ЖШС, «Агрофирма «Тау» ЖШС, «Актеп» ЖШС, «Ақтөбе ет кластері» ЖШС, «Али-Жас и К» ЖШС сияқты ауданның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары есебінен құйылуда. Инвестициялар бойынша шығындардың негізгі бөлігі құрылыс мақсаттарына, күрделі жөндеуге, машиналар мен жабдықтарды сатып алуға, пайдалы қазбалар қорларын барлау мен бағалауға және т.б. тиесілі.
Құрылыс
2021 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 33 000,2 млн.теңгені құрайды (2020 жылы 28 051,6 млн. тг.), өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 114,0%-ға дейін өсті. Есепті кезеңде пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 44 271 шаршы метрді құрады, өткен жылмен салыстырғанда өсім 102,1% құрады (2020 жылы 43 356 шаршы метр болған).
2021 жылы төмендегідей нысандардың құрылысы аяқталды:
– Көктау ауылындағы ангар үлгісіндегі спорт кешені, жалпы сомасы – 188 208.6 мың теңге;
– Дөң ауылында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы, жалпы сомасы – 588 094,0 мың теңге;
– Дөң ауылында газбен жабдықтау желілерінің құрылысы, жалпы сомасы – 937 186,7 мың теңге.
– Дон ауылында сумен жабдықтау желілерінің құрылысы, жалпы сомасы – 978 654,0 мың теңге.
– Хромтау қаласының №22 квартал ықшам ауданындағы аз қабатты тұрғын үй құрылысын сумен жабдықтау желілерінің құрылысы, жалпы сомасы – 1 602 254,3 мың теңге.
Бүгінгі күні республикалық және облыстық бюджет есебінен екі 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, оны 2022 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Дәрібаева» ЖК жеке қаражаты есебінен 5 қабатты 40 пәтерлі тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Аталған кәсіпкер көппәтерлі тұрғын үйдің 3-ші корпусының құрылысын бастады, оны тапсыру 2022 жылға жоспарланған.
Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша қайтарымды қаржы есебінен Хромтау қаласында 2 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді.
2022 жылға арналған міндеттер:
1) Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылында 150 орындық ауылдық клуб салу;
2) Хромтау қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау;
3) Никельтау ауылында 8 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үй салу;
4) Хромтау қаласының №22 тұрғын кварталындағы 5 қабатты 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау;
5) Бөгетсай ауылында ангар үлгісіндегі спорт кешенін салу;
6) Дөң ауылында ангар үлгісіндегі спорт кешенінің құрылысы;
7) Хромтау қаласындағы Хромтау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жанындағы шақыру пункті ғимаратының құрылысын аяқтау;
8) Хромтау қаласы, Жеңіс даңғылы, 4 мекен-жайы бойынша кеңейтілген әкімшілік ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуді аяқтау;
9) Хромтау қаласында жабық жүзу бассейнінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу;
10) Хромтау қаласының 22-кварталындағы саябақ құрылысы.
Ауыл шаруашылығы
2021 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 36 049,5 млн.теңгені құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 9 841,8 млн. теңгеге өсті.
Барлық шаруашылықтарда мал басы көбейді, соның ішінде:
– ірі қара мал – 50,1 мың бас;
– қой мен ешкі – 5,3%-ға артып, 60,2 мың басты құрады;
– жылқы – 3,9%, 12,0 мың бас;
– құс – 3,5%, 51,6 мың бас.
Жалпы аудан бойынша тіркелген ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің жалпы саны 365, оның ішінде 342 шаруа қожалықтары, 1 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі, 19 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және 3 акционерлік қоғамдар.
Барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жер көлемі 827 698 га құрайды. Ағымдағы жылы 40398 га пайдаланылмаған (игерілмеген) жерлер қайтарылды.
148 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің меншігінде 38 357 бас ІҚМ тіркелген, оның ішінде 14 492 бас асыл тұқымды, 23 865 бас тауарлы. (1616 бас асыл тұқымды мал сатып алынды, 3682 бас төл алынды). 39 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің меншігінде 7406 бас жылқы тіркелген, оның ішінде 356 бас асыл тұқымды, 7050 бас тауарлы.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2021 жылы жеке кәсіпкерлерге 118 300,0 мың теңге сомасына 31 несие берілді.
Ауданда 98 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері егіс жұмыстарымен кеңінен айналысады. 2021 жылы егістік құрылымы барлығы 125,4 мың га, оның ішінде 55,5 мың га дәнді дақылдар, таяудағы жылдарға арналған көпжылдық шөптерді ескергенде, жем-шөп 54,0 мың га, 15,2 мың га майлы дақылдар және 0,708 га картоп, көкөніс, бақша дақылдары.
Қазіргі уақытта біздің аудан бойынша 52 352 тонна дәнді және 10933 тонна майлы дақылдар алынды. Дәнді дақылдар бойынша орташа өнімділік - 9,3 ц, майлы дақылдар бойынша – 6,8 ц құрады. Бұл ретте жем-шөп дақылдарының орташа өнімділігі 4,0 ц құрады. Аудан бойынша 2021-2022 жылдардың қысына 204 600 тонна жем (шөп) жиналды.
2022 жылғы егіс алқабына қазіргі уақытта 3531 тонна тұқым себілді. Оның ішінде дәнді дақылдар 3274 тонна, майлы дақылдар 200 тонна және 57 тонна жем-шөп.
Хромтау ауданы бойынша ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникасының жалпы саны 2063 дана (оның ішінде: тракторлар-1081 дана, комбайндар-202 дана, тіркемелер-497 дана, қарда жүргіштер-15 дана және жол-құрылыс техникасы-268 дана). Қазіргі уақытта 104 бірлік жаңа техника сатып алынды. 2021 жылы машина-трактор паркін жаңарту 100%-ға орындалды.
2021 жылы көктемгі-күзгі дала жұмыстарын жүргізу және жем дайындау үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген бағамен жалпы көлемі 2 278 тонна дизель отыны бөлінді. (Оның ішінде: көктемгі егіс жұмыстарына 27 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 916,5 т, күзгі егіс жұмыстарына 33 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 975 т, жем-шөп дайындауға 34 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бөлінді).
2022 жылға арналған міндеттер:
1) Асыл тұқымды мал басы мен тұқымдық түрлендіруді ұлғайту;
2) 2021 жылмен салыстырғанда егіс алқаптарын арттыру және жаңа технологияларды пайдалана отырып, шаруашылықтардың шығымдылығын ұлғайтуды жоспарлау. Сондай-ақ егіс алаңына жоғары сапалы тұқымдар мен гербицидтік өңдеулер және тыңайтқыштар енгізуді қамтамасыз ету;
3) Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жөніндегі жұмыстарды жандандыру.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласында Хромтау ауданында бір ауысымда 260 адам қабылдайтын емхана, 5 дәрігерлік амбулатория және ауылдарда 16 медициналық пункт жұмыс істейді.
Хромтау аудандық ауруханасы заманауи материалдық-техникалық базамен жасақталған. Ауданның медициналық ұйымдарының медициналық техникамен жабдықталу деңгейі 91,2% құрады. Ауруханада 280 млн теңге тұратын Optima компьютерлік томографы жұмыс істейді, аурухананың арсеналында жаңа медициналық жабдықтар – рентген, ультрадыбыстық аппараттар бар. Клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық, бактериоскопиялық зертханалар жұмыс істейді.
2021 жылы аудандық ауруханада паллиативтік көмек төсегі, сондай-ақ COVID-19 дертімен ауырып жазылған науқастарды оңалту үшін пульмонологиялық төсек ашылды. 2 өкпені жасанды желдету аппараты орнатылды. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап COVID-19 коронаровирустық инфекциясы бар науқастарды емдеу үшін 15 төсектік инфекциялық стационар (оның ішінде 2 жан сақтау төсегі) жұмыс істейді. «Альянс» медициналық жабдықтар фирмасы аудандық ауруханаға 1,5 млн. теңгеге төсек жанындағы мониторды сатып алып берді.
Қазіргі уақытта облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан Аққұдық және Тасөткел ауылдарында медициналық пункттер салу бойынша жобалар әзірленді.
Денсаулық сақтау жүйесінің тиімді жұмысы мамандардың кәсіпқойлығына байланысты. 2021 жылы аудандық ауруханаға 11 дәрігер, оның ішінде 6 дәрігер – жас маман (акушер-гинеколог, реаниматолог-анестезиолог және жалпы тәжірибе дәрігерлері) келді. Дегенмен, аудандық ауруханада келесідей мамандар жетіспейді: жалпы тәжірибе дәрігерлері – 6, терапевт – 1, психолог-нарколог – 1, лор – 1 дәрігері, балалар фтизиатры – 1, сондай-ақ медбике – 25 адам.
Біздің ауданға жұмысқа келген дәрігер-мамандарды ынталандыру мақсатында аурухананың өз қаражатынан оларға жалға берілетін тұрғын үй төлемі қарастырылған. Сондай-ақ, аурухананың дәрігерлері мен медбикелері Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы дәрігерлердің білімін жетілдіру институттарында біліктілікті арттыру және кадрларды кәсіби қайта даярлау (жаңа мамандық алу) курстарында тұрақты негізде оқудан өтеді.
Патологияны ерте анықтау және емдеу мақсатында белгілі бір жастағы аудан тұрғындарын қан айналым жүйесі ауруларына, глаукомаға, қант диабетіне, тоқ және тік ішектің ісік ауруларына, жатыр мойны және сүт безі обырына скринингтік тексеру жүргізіледі. Жыл сайын 13 мыңнан астам ересектер скринингпен қамтылса, 12 мың балаға тексеру жүргізіледі. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде онкопатологиямен, қант диабетімен, қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылықтың өсуіне жол берілмейді.
Өткен жылмен салыстырғанда халық денсаулығының негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды. Осылайша, есепті кезеңде бала туу 6,7%-ға өссе, бала өлімі 29%-ға төмендеді. Негізгі әлеуметтік маңызды аурулардан: қан айналымы жүйесі ауруларымен 13,2 %, туберкулезбен 43,8 %, онкологиялық аурулармен 21,6% сырқаттанушылықтың төмендеуіне қол жеткізілді.
2022 жылға арналған міндеттер:
1) Аққұдық, Тасөткел ауылдық округтерінде медициналық пункттер салу мәселесі бойынша денсаулық сақтау басқармасымен жұмысты күшейту;
2) Медицина қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу. Хромтау ауданы бойынша бос жұмыс орындарын толтыру;
3) «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде ауылдық медициналық амбулаториялар мен медициналық пункттердің жұмысын электрондық форматта қамтамасыз ету.
Әлеуметтік қамсыздандыру
Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында 2021 жылға арналған Кешенді жоспар іске асырылды (жоспар бойынша - 3128, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен - 3271 немесе 105% қамтылды.)
Өңірлік даму бағдарламасы аясында 2021 жылға қарай Хромтау ауданында 1254 жаңа тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған, орындалуы - 1264 (100,8%) құрады.
2021 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 95 отбасына, оның ішінде 447 адамға 23 389,8 мың теңге сомасында ұсынылды. Ай сайын мақсатты отбасылар кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен (азық-түлік пакеті) қамтамасыз етілді. Осылайша, аудан бойынша 95 отбасынан - 1 жастан 3 жасқа дейінгі 62 бала; 3 жастан 6 жасқа дейінгі 59 балаға 744 пакет берілді, көрсетілген кепілдендірілген әлеуметтік пакет 4255,0 мың теңге (ай сайын) сомасына бөлінді. Сондай-ақ, тоқсанына 1 рет гигиеналық құралдар берілді, бұл құралдар 121 балаға 525,0 мың теңгеге бөлінді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін 243 отбасына консультативтік-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 38 жоба 190,4 млн.теңге (жоспар - 535,0 млн. теңге) немесе 28% төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алды.
Бүгінгі күні «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 100 адамға мемлекеттік өтеусіз гранттар (200 АЕК) берілді (жоспар - 93), оның ішінде 35-і жастарға ұсынылды.
2021 жылға «Бастау – Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 84 адамды оқыту жоспарланса, жоспар асыра орындалып, 99 адам онлайн режимінде оқуға жіберілді. 105 адам Жастар тәжірибесінен өтті (100%).
111 адамға әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды (жалақының бір бөлігі бюджеттен субсидияланған) (жоспар бойынша 105 адам). Сондай-ақ, 744 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға қатыстырылды (жоспар - 668), оның ішінде жастар арасынан 300 адам жазғы уақытта «Жасыл ел» жобасына жұмылдырылды.
2021 жылы жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына - 1850 адамға жалпы сомасы 113,8 млн. теңгеге әлеуметтік көмек тағайындалды және төленді:
1) 9 мамыр - Жеңіс күніне біржолғы әлеуметтік көмек:
- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне - 2 адам-4000,0 мың теңге (2 млн. теңгеден);
- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға - 84 адам - 8400,0 мың теңге (100 мың теңгеден)
- ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына - 15 адам - 1500,0 мың теңге (100 мың теңгеден)
-1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 ай бойы тылда жұмыс істеген әскери қызмет өткерген азаматтарға - 198 адамға 9900,0 мың теңге (50 мың теңгеден);
- Мүгедек деп танылмаған, екінші некеге тұрмаған, қайтыс болған ҰОС қатысушыларының әйелдеріне (күйеулеріне) - 18 адамға 1800 мың теңге (100 мың теңгеден);
- Қаза тапқан ауған жауынгерлерінің ата-аналарына, екінші некеге тұрмаған әйелдеріне - 9 мамырға - 4 адамға 400,0 мың теңге сомасында (100 мың теңгеден);
2) ҚР мүгедектер күніне орай мүгедектерге, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға біржолғы көмек - 1118 адамға 55900,0 мың теңге (50 мың теңгеден);
3) онкологиялық аурулармен ауыратын, АИТВ жұқтырған және туберкулездің әртүрлі нысандарымен ауыратын азаматтарға – 65 адамға 16 113,1 мың теңге төленді (29,2 мың теңгеден);
4) Өмірлік қиын жағдайда болған кезде өтініш бойынша – 18 адамға 2460,0 мың теңге (80 мың - 140 мың теңгеден);
5) ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына жылыту маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге - 277 адамға 3037,0 мың теңге;
6) Мүгедек балаларды үйде оқытуға 52 балаға 1684,5 мың теңге (айына 5834 теңгеден)
7) Жылыту маусымына бір жолғы көмек 880 азаматқа 10 мың теңгеден 8 млн 800 мың теңге төленді (білім беру, ветеринария, кітапхана, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері).
2022 жылға арналған міндеттер:
1) Аз қамтылған отбасыларды жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты жалғастыру;
2) Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес мүгедектерге әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
3) Үкіметтік емес ұйымдардың бюджет қаражаты есебінен орындауы үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру арқылы 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған әлеуметтік қолдау орталығын ашу.
Білім беру
Халықтың сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Хромтау ауданында сапалы білім беру және тәрбиемен қамтамасыз ету үшін 45 білім беру мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде 27 жалпы білім беру мекемесі және 18 мектепке дейінгі мекеме.
Ауданда 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 90,3% - ға жетті. Мектептердегі оқушылар саны - 8220. Мектеп жасындағы балалардың жыл сайынғы өсуі байқалады, аудан бойынша бала туу көрсеткіші өсуде.
Қопа ауылдық округіне қарасты Тамды ауылындағы Сәтбаев орта мектебінің жанынан 113,7 млн.теңгеге спорт залы салынып, пайдалануға берілді. Жаңа оқу жылы қарсаңында Бөгетсай ауылдық округінің Қарлау ауылында 41 орындық жаңа мектеп ашылды.
2021-2022 оқу жылында 1-11 сыныптар үшін 87 000,0 мың теңгеге оқулықтарға тапсырыс беріліп, толық көлемде жеткізілді. Бөгетсай мектеп-гимназиясы мен Құдықсай негізгі мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында балаларды тасымалдау үшін 3 жаңа автобус сатып алынды.
1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында демеушілердің қолдауымен көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан 400 балаға1 600,0 мың теңге көлемінде мерекелік сыйлықтар ұйымдастырылды.
2021 жылы «Мектепке жол» акциясы аясында 583 оқушыға 12 342 860 теңге, оның ішінде 24 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы отбасылардан шыққан 59 оқушыға 2 млн 556 400 теңге көлемінде оқу құралдары, мектеп және спорттық киім, аяқ киім сатып алынды.
2022 жылға арналған міндеттер:
1) 2022-2023 оқу жылында білім беру деңгейінің көрсеткіші жоғарылату;
2) Балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамтамасыз ету;
3) №3 Хромтау ОМ, Ақжар ОМ және Көктау ОМ күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
4) Ақжар ауылдық округінің Жазық бекетінде 50 орындық бастауыш мектеп салу бойынша ЖСҚ-ға түзету енгізу;
5) Тасөткел орта мектебіне жапсарлас құрылыс салу бойынша құжаттаманы әзірлеу.
Спорт
2021 жылы Алматы облысының Жаркент қаласында Хромтау БЖСМ былғары қолғап шеберлері ақын М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған бокстан халықаралық турнирдің 2 алтын, 2 қола медалін жеңіп алды.
Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшысы Нұралыұлы Бекзат 2001-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасында Өзбекстанда өткен белбеу күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 2006-2007 жылдары туған қыздар арасында волейболдан Хромтау командасы Ақтөбе қаласының Кубогын жеңіп алды. ҚР Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған таэквондодан 2007-2009, 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015 жылдары туған жастар арасында турнирде Хромтау БЖСМ командасы 4 алтын, 7 күміс, 12 қола медаль жеңіп алды. Ресей астанасы Мәскеуде өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғаған Хромтау спортшылары да жүлделі орындарға ие болды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Алматы қаласында өткен бодибилдинг және фитнес бойынша республикалық жарыста Хромтау қаласының тұрғыны Есіренов Әбубәкір бодибилдингтен абсолютті чемпион атанды.
Биылғы жылдың 1-3 қазан аралығында СҚО Петропавл қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және «Қуаныш» волейбол клубының спорттық кешенінің ашылуына орай волейболдан қыздар арасындағы турнирде Хромтау командасы 3-орын алды.
2009-2010 жылдары туған қыздар арасындағы турнирде Хромтау БЖСМ волейболшылары 1 және 3 орындарды иеленді. Тәуелсіздік күніне орай қазақ күресінен ашық турнир өтіп, Хромтау қаласының спортшылары жүлделі орындарға ие болды.
Мәдениет
Елдегі пандемия мен қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2021 жылғы мерекелік іс-шаралар негізінен онлайн режимінде өткізілді. 630 іс-шара жоспарланып, олардың басым бөлігі қашықтықтан ұйымдастырылды. Оның 76-сы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ХІІІ дәстүрлі облыстық «Еркелей аққан Ор өзені» эстрадалық әндер байқауы өтті.
Хромтау ауданы Байғанин ауданының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Ақпа жырдың Ақтаны» терме байқауында 3-орын, композитор, драматург Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтың 95 жылдығына арналған «Ән мен жырдың Ақбұлағы» республикалық ән байқауында 3-орын алды.
Қазақтың әйгілі күйшісі, композитор Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына және күйші Қаршыға Ахмедияровтың 75 жылдығына орай аудандық дәстүрлі «Күй күмбірі» атты күйшілер байқауы өтті.
Жеңіс күніне орай «Жеңіс рухына тағзым» атты салтанатты шара өтті. Қарттар күніне орай «Қазыналы қарттар» атты концерт ұйымдастырылды.
Халықаралық Жастар күніне орай «Екі жұлдыз» гала-концерті өтті.
«Мәдениетім – мәртебем, өнерім – өрісім» атты мәдени іс-шара мәдениет қызметкерлеріне арналды.
2022 жылға арналған міндеттер:
1) Хромтау қаласының Мәдениет үйі әкімшілік ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау;
2) Бөгетсай ауылындағы мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау;
3) Хромтау қаласында мәдениет үйінің құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеуді аяқтау.
Абаттандыру, көгалдандыру
2021 жылы Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында абаттандыру мен көгалдандыруға 387,7 млн.теңге сомасына санитарлық тазалау жүргізілді. 2022 жылға абаттандыруға 290,7 млн.теңге, санитарлық тазалауға 50,0 млн. теңге бөлінді.
Абай даңғылындағы «Кеншілер» аллеясын қайта жаңғырту бойынша жұмыстар аяқталды: 8 320 ш.м. түрлі-түсті төсеніш тастар, шағын сәулет нысандары, әткеншектер және абаттандырудың басқа да элементтері орнатылды.
Ағымдағы жылы «Жасыл аймақ» бағдарламасы аясында Дөң, Бөгетсай, Көктау және Қызылсу ауылдық округтерінде 20 га жасыл желек отырғызылып, қоршалды. Сондай-ақ, ауылдық округтер бойынша бөлінген ауданның дендрологиялық жоспарын әзірлеу аяқталды.
Қаламыздың орталық саябағында екі стритбол алаңы, иттерді үйрету және серуендету үшін арнайы алаң бар. Сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 200 еуроконтейнер сатып алынып, қала бойынша қолданыстағы 51 қоқыс алаңына қосымша 21 қоқыс алаңы орнатылды.
2022 жылға арналған міндеттер:
1) «Хромтау қаласындағы орталық саябақты қайта жаңғырту» жобасы бойынша жұмыстарды аяқтау;
2) Қоқыс алаңдарын орнату жұмыстарын жалғастыру;
3) Төсеніш тастарды төсеу бойынша жұмыс көлемін ұлғайту;
4) Балалар және спорт алаңдарын орнату.
Газдандыру
Қазіргі уақытта халықты газбен қамту 97,1%-ды құрайды.
2021 жылы «Тасөткел, Ақбұлақ ауылдарында жеткізуші және орамішілік газ құбырының құрылысы» жобасы бойынша жұмыстар аяқталды. Жоғарыда аталған жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен 682,0 млн. теңге бөлінді.
Бөгетсай ауылдық округінің Шіліктісай ауылында орналасқан «Есел» шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен 40 млн.теңге сомасына 8 км газ құбырын өткізді. Осылайша, ауылдағы 8 үйге көгілдір отын жеткізілді.
Сондай-ақ, 2021 жылы ауданның ауылдық округтерінің газбен қамтылуын 100%-ға жеткізу мақсатында «Құдықсай ауылында орамішілік және жеткізуші газ құбырының құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды, жалпы сметалық құны 454,1 млн.теңгені құрайды.
2022 жылға арналған міндеттер:
1) Құдықсай ауылын газдандыру мәселесін шешу бойынша жұмысты күшейту;
2) Ақтасты ауылын газдандыру жөнінде шаралар қабылдау.
Сумен жабдықтау
Қазіргі уақытта халықты ауыз сумен қамту 96,4% құрайды.
2021 жылы «Оңғар ауылының су құбыры желілерінің құрылысы» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен 304,1 млн.теңге бөлінді.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында «Никельтау ауылының су құбыры желілерін қайта жаңарту» нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды, оны аяқтау 2022 жылға жоспарланып отыр.
2021 жылы аудандық бюджеттен «Майтөбе ауылы су құбыры желілерінің құрылысы», «Көктау ауылы су құбыры желілерінің құрылысы», «Жазық ауылы су құбыры желілерін қайта жаңғырту», «Абай ауылы су құбыры желілерін қайта жаңғырту» және «Дөң ауылы су құбыры желілерін қайта жаңғырту» жобалары бойынша ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді.
2022 жылға арналған міндеттер:
1) «Никельтау ауылы су құбыры желілерін қайта жаңғырту» бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау;
2) Дөң ауылын сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстарды аяқтау.
Электрмен жабдықтау
Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен жалпы сомасы 77 202,0 мың теңгеге «Хромтау қаласының 10 көшесіне көше жарығын қайта жаңғырту» (Әйтеке би, Достық, Есет батыр, Курченко, Матросов, Момышұлы, Панфилов, Спорт, Шиловский, Алтынсарин көшелері) бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.
Жеңіс даңғылы, Абай даңғылы, А.Әліпов көшесіндегі көше жарығы толығымен энергия үнемдейтін шамдарға ауыстырылды. М.Әуезов көшесі, Абай және Жеңіс даңғылдарының қиылысындағы айналма жолдың алаңын жарықтандыру үшін қосымша тіректер орнатылды. Сонымен қатар, демеушілік қаражат есебінен Хромтау қаласы бойынша көп қабатты тұрғын үйлердің барлық аулаларын жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
2021 жылы Хромтау қаласының 6 көшесін жарықтандыруды қайта жаңғырту (Рысқұлбеков, Қонаев, Қазақстан, Ахтанов, Қаржауов, Байтұрсынов) бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды.
2022 жылға арналған міндеттер:
1) Хромтау қаласының 6 көшесін жарықтандыруды қайта жаңғырту бойынша жұмыстарды бастау;
2) Дөң және Бөгетсай ауылдарын жарықтандыруды қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды аяқтау.
Автомобиль жолдарын дамыту
2021 жылы «Тассай ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеу» (28,6 км.) және «Табантал ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеу» (25,2 км.) жобалары бойынша жұмыстар аяқталып, 53,8 км. асфальтбетон жабыны төселді.
Жалпы ұзындығы 34 км құрайтын «Тасөткел ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеу» жобасы бойынша (957,8 млн.тг.) бүгінгі таңда 19 км төселді.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жалпы ұзындығы 2,9 км болатын «Ақжар ауылындағы автомобиль жолын қайта жаңғырту» жобасы іске асырылды.
2021 жылы аудандық бюджет есебінен «Хромтау қаласындағы Жеңіс даңғылының жолын орташа жөндеу» және «Хромтау қаласындағы Наурыз, Достар, Мереке көшелерінің жолдарын орташа жөндеу» жобалары бойынша жұмыстар аяқталды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша «Хромтау қаласының автомобиль жолдарын қайта жаңғырту» жобасына Ұлттық қордан 334,4 млн. теңге бөлінді (Окраина, Ағ.Жұбановтар, Оспанов, Жутеев, Бикешева көшелері). Нысан 2022 жылға ауыспалы.
Аудандық бюджеттен «Хромтау ауданындағы Самара-Шымкент тас жолына жалғасқан Ақжар ауылында автомобиль жолының құрылысы» және «Хромтау қаласының №22 тұрғын үй кварталындағы автомобиль жолдарының көше құрылысы» жобаларына ЖСҚ әзірлеуге 11 540,0 мың теңге қаражат бөлінді, аталған жобалар мемлекеттік сараптамадан өтуде.
2022 жылға арналған міндеттер:
1) Тасөткел ауылына кіреберіс жолды орташа жөндеу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау;
2) «KD-HR-158, Қызылсу ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеу» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау;
3) «Қызылсу ауылындағы көпір өткелінің құрылысы» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау;
4) «KD-HR-160, Никельтау ауылына кіреберіс 0-4,85 км автомобиль жолын орташа жөндеу» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау;
5) «Самара-Шымкент Құдықсай-Қопа 0-14 км» KD-HR-147 автомобиль жолын орташа жөндеу» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау;
6) «Ақтөбе облысы Хромтау қаласы Окраина көшесінен шығатын автомобиль жолын Қарғалы ауданы бағытында қайта жаңғырту» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау;
7) «Хромтау қаласының автомобиль жолдарын қайта жаңғырту» бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау;
8) Хромтау қаласының 22 кварталында ұзындығы 5 км автомобиль жолдарын салу жөніндегі жұмысты аяқтау.
Құқық бұзушылықтың, төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау
Құқық қорғау органдары аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде жұмыс істеуде. Ауданда 2021 жылы 203 қылмыс тіркелген (2020 жылы – 209), бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2,9%-ға төмен, аса ауыр қылмыстар деңгейі 57-ден 47-ге дейін немесе 17,5% - ға төмендеген. Бұзақылық жағдайлары 17-ден 12-ге дейін қысқарды, 29,4%-ды құрады. Сондай-ақ ұрлық саны 85-тен 70-ке дейін немесе 17,6% - ға, оның ішінде ұялы телефон ұрлығы 18-ден 14-ке дейін немесе 22,2%-ға азайды.
Хромтау ауданында діни ахуал тұрақты. Діни ахуалды тұрақтандыру үшін ауданға 4 танымал теолог шақырылды, сонымен бірге ақпараттық-түсіндіру тобы діни мәселелер бойынша 263 түрлі іс-шара өткізді, 12 мыңнан астам адам тартылды.
Аудандық ТЖ бөлімінің техникалық паркін жаңарту мақсатында 2021 жылы облыстық бюджет есебінен КамАЗ базасында АЦ-8-70, ЈАС Т6, ТРЭКОЛ автокөлік құралдары сатып алынды. Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен аудандық полиция бөлімі үшін 20 млн. теңгеге уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының ғимараты және ЈАС S5 маркалы автомобиль сатып алынды.
Келесі жылы Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Хромтау қаласында адамдар көп жиналатын жерлерде модульдік үлгідегі стационарлық полиция бекеттерін орнату жоспарлануда.
Өзара ынтымақтастық туралы Меморандум
Ақтөбе облысының әкімдігі мен ERG арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес 2021 жылы балаларға арналған көпфункционалды спорт алаңдары, үстел теннисіне арналған вандалға қарсы үстелдер орнатылды, автопарк және ғибадатхана мен «Балдәурен» балалар ойын-сауық орталығы арасындағы қоғамдық аллея бойынша жұмыстар аяқталды. Жалпы сомасы 50 000,0 мың теңге.
«Кеншілер» аллеясында 2 балалар ойын алаңы, 1 Work Out спорт алаңы орнатылған. Осы меморандум аясында КамАЗ базасында вакуумды сыпыру-жинау машинасы арнайы коммуналдық техникасы сатып алынды.
Сонымен қатар, «Хромтау қаласының 4 аула аумағын жөндеу және абаттандыру» жобасы іске асырылды (Абай даңғылы 5 корпус 1,2,3,4; Есет батыр көшесі 5,5 А,7, 7 а; Абай даңғылы 8,9; Абай даңғылы 1,3 және Есет батыр көшесі 1). Бұл аулаларда көлікке арналған қолданыстағы тұрақ орындарын кеңейту, борт тастарын орнату, асфальтбетон жабынын орнату, резеңке жабыны бар балалар ойын алаңын орнату, волейбол алаңын орнату, тротуарлар, демалуға арналған күркелер, қоқыс салғыштар мен орындықтар орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.
Бәрімізге белгілі, 2020 жылы біздің республика аумағында алғаш рет өткізілген «Қатысу бюджеті» пилоттық жобасы басталды. Жобаның басты мақсаты – қала тұрғындары тарапынан қаланың өзекті мәселелерін талқылау, әрі қарай ERG компаниясымен қаржыландыру, 2020 жылы өткізілген дауыс беру нәтижелері бойынша 13 жоба жеңімпаз атанды. Оның ішінде, көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында 5 балалар ойын алаңы, Work Out алаңы, жүгіру жолы, 5 вандалға қарсы теннис үстелі және т.б. салынды.