Хромтау аудандық сайлау комиссиясының
Қ А У Л Ы С Ы
Хромтау ауданының Дөң ауылдық
округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Хромтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Хромтау ауданының Дөң ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 20 ақпанға тағайындалсын.
- Дөң ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 22 қаңтардан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 04 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Дөң ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 09 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Хромтау аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Хромтау» газетінде жариялансын.
Хромтау аудандық
сайлау комиссиясының
төрайымы Ж.Үркенова
Хромтау аудандық
сайлау комиссиясының
хатшысы Қ. Диярова
Хромтау қаласы,
2022 жылғы 21 қаңтар,
№ 38