Хромтау ауданы Дөң ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындауды тоқтата тұру туралы ҚАУЛЫСЫ

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

Хромтау қаласы                       №37                    7 қаңтар 2022 жыл

 

 

Хромтау ауданы Дөң ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындауды

тоқтата тұру туралы

 

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 14-бабының 2) тармақшасына, 113-1-бабының 2-тармағына, "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 9) тармақшасына, "Ақтөбе облысында төтенше жағдай енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №738 Жарлығына сәйкес Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтөбе облысында төтенше жағдай қолданылатын кезеңде Хромтау ауданы Дөң ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау тоқтатыла тұрсын.
  2. Осы қаулы сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
  3. Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясына және Хромтау ауданының әкімдігіне жіберілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына қалдырамын.
  5. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Хромтау аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясының төрайымы                           Ж.Үркенова

 

Хромтау аудандық

 аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                   Қ. Диярова

Дата публикации
07 января 2022