Құдықсай ауылдық округі әкімі шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Хромтау аудандық аумақтық инспекция басшысының 2021 жылғы 30 қарашадағы №16-04/755 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
- Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі Ойсылқара ауылы аумағында мүйізді ірі қара малының бруцеллез ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
- Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы №25 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25710 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгiзiледi.
|
Құдықсай ауылдық округінің әкімі
|
|
Қ.Жұмабай
|