Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен (ЖАО) жеке және заңды тұлғаларға ауданда мемлекеттік қызметтің 61 түрі көрсетіледі.
Хромтау ауданының жергілікті атқарушы органдары 2021 жылдың 2 тоқсаны бойынша 3610 (2020 ж. 2 тоқсаны – 1 959) мемлекеттік қызмет көрсеткен, оның ішінде:
Оның электрондық түрде 2 649 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі 73,4 %-ды құрады (2020 ж. 2 тоқсаны –1 524).
Электронды қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында әрбір ауылдық округ әкімдіктерінде және аудандық әкімдікте «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары» ұйымдастырылып, әдістемелік көмек көрсету мақсатында арнайы жауапты маман бекітілді.
Мемлекеттік орган арқылы қағаз жүзінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 38 рет көрсетіліп, мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесі 1,1 %-ды құрады. (2020 ж. 2 тоқсаны – 106 қызмет көрсетілді.)
Мемлекеттік корпорация арқылы 923 қызмет көрсетіліп, қызметтердің үлесі 25,5 %-ды құрады. (2020 ж. 2 тоқсаны – 329 қызмет көрсетілді).
Ауданда 6 аудандық бөлімдер және 1 ведомстволық бағыныстағы мекемелер, 14 ауылдық округ, 1 қала әкімінің аппараттары мемлекеттік қызмет көрсетеді.
|
№ |
Жергілікті атқарушы органдар |
Қызмет түрінің саны |
Көрсетілген мемлекеттік қызмет саны |
Барлығы |
||
|
ММ |
МК |
ЭҮП |
||||
|
1. |
«Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ |
18 |
0 |
156 |
1361 |
1517 |
|
2 |
«Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
8 |
0 |
2 |
110 |
112 |
|
3. |
«Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ |
10 |
1 |
8 |
551 |
560 |
|
4. |
«Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ |
6 |
0 |
218 |
295 |
513 |
|
5. |
«Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ |
1 |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
6. |
«Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ |
10 |
0 |
539 |
294 |
833 |
|
7. |
«Хромтау ауданы әкімі аппараты» ММ |
2 |
0 |
0 |
30 |
30 |
|
8. |
Қала, ауылдық округ әкімдіктері |
6 |
37 |
0 |
8 |
45 |
|
9. |
Қорытынды: |
61 |
38 |
923 |
2649 |
3610 |
Ағымдағы жылдың 2 тоқсаны бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің мерзімін бұзу фактілері орын алған жоқ.
Аудан бойынша 2021 жылдың 15 наурызындағы № 22 өкімімен бекітілген 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шаралар жоспарына 12 мемлекеттік мекеме енгізіліп, 3 мекемелерге жүргізілді. (2020 ж. барлығы -14, 2 тоқсан – 5)
Бақылау іс-шарасы барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібінің бұзылу фактілері – 1 (2020 ж. 2 тоқсан - 33). Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді. (бұзушылық фактілер саны бақылау объектілеріне байланысты).
2021 жылдың 2 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Облыс әкімінің орынбасары 2021 жылдың 10 ақпанында бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту мақсатында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарының 2021 жылға арналған жоспарына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде. 2 тоқсанда 17 іс-шаралар өткізілді, қамтылған халық саны - 159. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасының жоғарылауына әдістемелік көмек ретінде аудан әкімінің ресми сайтында орналастырылған ақпараттар жаңартылған. Халықты ақпараттандыру мақсатында жергілікті «Хромтау» газетіне 2 мақала (№21,19.05.2021; №14,07.04.2021) жарық көрді.
Электрондық қызметтердің әйгілігін арттыру мақсатында аудан орталғында және барлық ауылдық округтерде баннер орналастырылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту, көрсетілетін қызметтер туралы азаматтар арасында ақпараттандыру деңгейін арттыру және қызметтерді электрондық түрде көрсетуді өзектендіру бағытында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Хромтау аудандық бөлімінде аптасына 1 рет құрылымдық бөлімше маманы және айына 1 рет аудандық бөлімдер мамандары «азаматтарды қабылдау» акциясын өткізеді. Аталмыш іс-шараларға аудандық мемлекеттік органдар және мемлекеттік корпорация қызметкерлері қатыстырылады.
Жыл басынынан аудандық құрылымдық бөлімшенің ұйымдастыруымен мемлекекттік қызметтерді көрсететін мамандар арасында мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен бірлесіп, 4 рет семинар-кеңес өткізілді.
Аудандық әкімдіктің ғимаратында «Ашық әкімдік» қызмет етеді. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі; сәулет және құрылыс, қала құрылысы бөлімі; тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің мамандары қызмет алушыларға әдістемелік көмек ретінде консультация беріп, ғимаратта орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы электронды түрде өтініштерін жіберіп, қызметтер алуда.