Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

2021 жылғы 21 қарашада Хромтау ауданының Абай ауылдық округінің әкімін сайлау 1  сайлау округі бойынша өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына,  44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының  Хромтау ауданының Абай ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттама негізінде Хромтау аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

 

Абай сайлау округі

Абай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 249 азамат енгізілді, олардың 243-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 4, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны -3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Әлмұханов А.Н. – 15; Мұстафин Ә.Е. – 172; Шумская С.В. – 49.

Мұстафин Әлібек Ерғазыұлы, 1989 жылы дүниеге келген, Абай ауылдық округінің әкімі, Абай ауылдық округінің Абай ауылының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясы ұсынған Абай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Хромтау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 22 қарашадағы шешімімен 2021 жылғы 21 қарашада сайланған Хромтау ауданы Абай ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Хромтау аудандық сайлау комиссиясы.

Дата публикации
22 ноября 2021