Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Хромтау ауданының Абай ауылдық округінің әкіміне
кандидаттарды тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Абай ауылдық округінің әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
- Әлмұханов Аманқос Нұржігітұлы, 1984 жылы дүниеге келген, «Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Ақтөбе облысы, Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған;
- Мұстафин Әлібек Ерғазыұлы, 1989 жылы дүниеге келген, Абай ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Абай ауылдық округі Абай ауылының тұрғыны, «Nur Otan» саяси партиясы ұсынған;
- Шумская Светлана Викторовна, 1968 жылы дүниеге келген, Абай негізгі мектебінің педагог-психологы, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Абай ауылдық округі Абай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған ұсынған.