Хромтау аудандық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Хромтау ауданының
ауылдық округ әкімдерін сайлау
жөнінде сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына,22-бабына сәйкес Хромтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Аққұдық сайлау округі - Аққұдық ауылы аумағының шекараларында;
2) Ақжар сайлау округі – Ақжар ауылдық округі аумағының шекараларында;
3) Қопа сайлау округі – Қопа ауылдық округі аумағының шекараларында;
4) Табантал сайлау округі - Табантал ауылдық округі аумағының шекараларында.
Хромтау аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы С. Сағымбаев
Хромтау аудандық
сайлау комиссиясының
хатшысы Қ. Диярова
Хромтау қаласы,
2021 жылғы 25 маусым,
№ 21.