Хромтау  ауданының ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Хромтау аудандық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

 

Хромтау  ауданының

ауылдық округ әкімдерінің

сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Хромтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Хромтау ауданының мынадай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалсын:

 

- Аққұдық ауылы әкімінің;

- Ақжар ауылдық округі әкімінің;

- Қопа ауылдық округі әкімінің;

- Табантал ауылдық округі әкімінің.

 

  1. Ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 26 маусымнан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы  2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  2. Ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  3. Осы қаулы Хромтау аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Хромтау» газетінде жариялансын.

 

 

 

     Хромтау аудандық

сайлау комиссиясының

            төрағасы                                                        С. Сағымбаев

 

    Хромтау аудандық

сайлау комиссиясының

            хатшысы                                                        Қ. Диярова

 

 

 

 

Хромтау қаласы,

2021 жылғы 25 маусым,

№ 20

20 каулы
Дата публикации
25 июня 2021