Қауымдық сервитут белгілеу туралы

ЖОБА

 

Қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17,69,71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31,37 баптарына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Globmine» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін , Ақтөбе облысы Хромтау ауданы аумағында орналасқан, жалпы алаңы 1090 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, қауымдық сервитуты белгіленсін.
  2. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдаланған кезде «Globmine» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
  3. «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгілінген тәртіппен:
  • Осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
  • Осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Хромтау ауданы әкімінің орынбасары С.Жаконовке жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі:                                                                                      А.Бекет

Қаулы жобасы
Дата публикации
10 марта 2021