"Дипломмен ауылға" жобасы
2020 жыл
"Дипломмен ауылға" жобасы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы мен «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының аясында жүзеге асырылатын жоба.
"Дипломмен ауылға" жобасы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтермеақы қазіргі таңда–70 еселік айлық есептік көрсеткіш сомадан 100 еселік айлық есептік көрсеткіш сомаға дейін өсті. Яғни, 2020 жылға берілетін сома 265 100 теңгені құрайды және қайтарымсыз (ауылдық елді мекенде 3 жыл қызмет iстеуге мiндеттеме қабылдайды).
«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 1500 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада (2020 жыл бойынша 3 976 500 теңгеден аспайтын) және 15 жылға дейінгі мерзімге жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы ставкасы бойынша бюджеттік кредит көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Хромтау аудандық бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
2020 жылға бюджеттік кредит алуға бөлінген сома – 23362,0 мың теңге, алған мамандар саны – 7 адам (оның ішінде білім саласы бойынша – 6 адам, денсаулық сақтау саласы бойынша – 1 адам алды), көтерме жәрдемақы алуға бөлінген сома – 5435,9 мың теңге, алған мамандар саны – 20 адам (оның ішінде білім саласы бойынша – 18 адам, денсаулық сақтау саласы бойынша – 2 адам алды).