Хромтау аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға арналған комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді.
2026 жылғы 13 қазанда Хромтау аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мәселелері бойынша Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 12 қазандағы Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысына сай Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалды.
Отырыста Хромтау аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
