Хромтау ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану(жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс қорытындысы туралы АҚПАРАТ

2020 жылғы 10 маусым күні Ақтөбе облысы  Хромтау ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізілді. Конкурс қорытындысы аудандық жер комиссиясының отырысында шығарылды.

Конкурсқа 29 учаске (лот) бойынша  жалпы аумағы 23 806,42 га оның ішінде: 652 га егістік, 22 975,22 га жайылым, 179,2 га басқалай жер учаскелері қойылды.

Конкурсқа қатысуға 29 учаске (лот) бойынша 78 конкурстық ұсыныс түсті.

Жалпы аумағы 2442 га, оның ішінде 1901,8 га жайылым, 535,5 егістік, 4,7 га басқалай жер учаскелерін құрайтын 6 учаске (лот) бойынша бірде-бір ұсыныс түспеуіне байланысты конкурс өтпеді деп танылды.

28 учаске (лот) бойынша конкурс өткізіліп, жеңімпаздары анықталды, табысталатын жер учаскесінің  жалпы аумағы 23 556,42 га оның ішінде: 652 га егістік, 22 727,22 га жайылым, 177,2 га басқалай жерлер.

хаттама
Дата публикации
24 декабря 2020