Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау және Тассай ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы хабарламасы
14 қыркүйек 2026 жыл
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2026 жылғы 13 қыркүйекте өткен Хромтау ауданы Көктау және Тассай ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындысы туралы Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамаларының негізінде:
Көктау ауылдық округі бойынша:
Ерназаров Ғалымжан Әділханұлы, 1998 жылы дүниеге келген, «Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Хромтау ауданы Көктау ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Тассай ауылдық округі бойынша:
Кемелұлы Ернұр – 1997 жылы дүниеге келген, «Абай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылының тұрғыны, «Respublica» партиясынан ұсынылған, Хромтау ауданы Тассай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.