Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау және Тассай
ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындысы туралы
хабарламасы
2026 жылғы 13 қыркүйекте Хромтау ауданы Көктау және Тассай ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Көктау және Тассай ауылдық округ әкімдері сайлауының нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды:
Көктау сайлау округі
Көктау ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 1151 азамат енгізілді, олардың 698 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 5, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 101.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ерғазин Н.Қ. – 109; Ерназаров Ғ.Ә. – 352; Мұхаметқали Е.Б. - 131.
Ерназаров Ғалымжан Әділханұлы – 1998 жылы дүниеге келген, «Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Хромтау ауданы Көктау ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Тассай сайлау округі
Тассай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 350 азамат енгізілді, олардың 228 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 2, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Даңғаев С.Р. – 44; Кемелұлы Е. – 154; Сүтемген А.М. – 26.
Кемелұлы Ернұр – 1997 жылы дүниеге келген, «Абай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылының тұрғыны, «Respublica» партиясынан ұсынылған, Хромтау ауданы Тассай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы