Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау және Тассай ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА

 

 

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау және Тассай ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы

 ХАБАРЛАМА

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидаттарды тіркеді:

 

Көктау ауылдық округінің әкіміне:

  1. Ергазин Нұржан Қарымсақұлы, 1997 жылы дүниеге келген, «Хромтау аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің басшысы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
  2. Ерназаров Ғалымжан Әділханұлы, 1998 жылы дүниеге келген, «Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
  3. Мұхаметқали Есет Батырханұлы, 1992 жылы дүниеге келген, «Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   ММ-нің басшысы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

 

          Тассай ауылдық округінің әкіміне:

  1. Даңғаев Саламат Рүстемұлы, 1995 жылы дүниеге келген, «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
  2. Кемелұлы Ернұр, 1997 жылы дүниеге келген, «Абай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылының тұрғыны, «Respublika» партиясынан ұсынылған;
  3. Сүтемген Аян Мағауияұлы, 1981 жылы дүниеге келген, «Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас инспекторы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Дата публикации
21 августа 2026