Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 5 тамыздағы №46 қаулысы
Хромтау ауданының Көктау және Тассай ауылдық округ
әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Хромтау ауданының Көктау және Тассай ауылдық округ әкімдерінің сайлауы 2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалсын.
- Көктау және Тассай ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 6 тамызынан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 18 тамыз жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Көктау және Тассай ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Хромтау» газетінде жариялансын.
Хромтау аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
төрағасы Н. Хасанов
Хромтау аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
хатшысы Қ. Диярова