Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай және Тасөткел ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы хабарламасы
8 маусым 2026 жыл
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2026 жылғы 7 маусымда өткен Хромтау ауданы Құдықсай және Тасөткел ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындысы туралы Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамаларының негізінде:
Құдықсай ауылдық округі бойынша:
Талдықбаев Мұрат Асқарұлы – 1989 жылы дүниеге келген, «Құдықсай негізгі мектебі» ҚММ-сі директорының орынбасары, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Тасөткел ауылдық округі бойынша:
Баймурзин Асылбек Кәдіржанұлы – 1977 жылы дүниеге келген, уақытша жұмыссыз, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тасөткел ауылының тұрғыны, «Ауыл» партиясынан ұсынған, Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.