Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай және Тасоткел ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындысы туралы хабарламасы

 

 

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай және Тасоткел

ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындысы туралы

хабарламасы

 

          2026 жылғы 7 маусымда Хромтау ауданы Құдықсай және Тасөткел ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Құдықсай және Тасөткел ауылдық округ әкімдері сайлауының  нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың  қорытындысын шығарды:

 

Құдықсай сайлау округі

Құдықсай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 181 азамат енгізілді, олардың 66 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                               

Даңғаев С.Р. – 10; Сүтемген А.М. – 7;  Талдыкбаев М.А.  – 46.

 

Талдықбаев Мұрат Асқарұлы  – 1989 жылы дүниеге келген, «Құдықсай негізгі мектебі» ҚММ-сі директорының орынбасары, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Тасөткел сайлау округі

Тасөткел ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 281 азамат енгізілді, олардың 152 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                               

          Баймурзин А.К. – 121; Кемелұлы Е. – 16;  Қожабеков Н.Қ.  – 15.

 

Баймурзин Асылбек Кәдіржанұлы  – 1977 жылы дүниеге келген, уақытша жұмыссыз, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тасөткел ауылының тұрғыны, «Ауыл» партиясынан ұсынылған, Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

 

                                        Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
08 июня 2026