Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай және Тасөткел ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы қорытынды
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидаттарды тіркеді:
Құдықсай ауылдық округінің әкіміне:
- Даңғаев Саламат Рүстемұлы, 1995 жылы дүниеге келген, «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Сүтемген Аян Мағауияұлы, 1981 жылы дүниеге келген, «Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас инспекторы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Талдыкбаев Мурат Аскарович, 1989 жылы дүниеге келген, «Құдықсай негізгі мектебі» ҚММ-сі директорының орынбасары, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Тасөткел ауылдық округінің әкіміне:
- Кемелұлы Ернұр, 1997 жылы дүниеге келген, «Абай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Қожабеков Нұрсұлтан Қазиханұлы, 1993 жылы дүниеге келген, «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-нің басшысы, Ақтөбе облысы Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Баймурзин Асылбек Кадиржанович, 1977 жылы дүниеге келген, уақытша жұмыссыз, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тасөткел ауылының тұрғыны, «Ауыл» партиясынан ұсынылған.