Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай және Тасөткел ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА

 

 

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай және Тасөткел ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы

 ХАБАРЛАМА

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидаттарды тіркеді:

          Құдықсай ауылдық округінің әкіміне:

  1. Даңғаев Саламат Рүстемұлы, 1995 жылы дүниеге келген, «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
  2. Сүтемген Аян Мағауияұлы, 1981 жылы дүниеге келген, «Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас инспекторы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Тасөткел ауылдық округінің әкіміне:

  1. Кемелұлы Ернұр, 1997 жылы дүниеге келген, «Абай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
  2. Қожабеков Нұрсұлтан Қазиханұлы, 1993 жылы дүниеге келген, «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-нің басшысы, Ақтөбе облысы Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

 

 

Дата публикации
13 мая 2026