«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес, 2026 жылғы 7 маусымға тағайындалған Хромтау ауданы Құдықсай, Тасөткел ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына байланысты кандидаттарға аудандық «Хромтау» газеті бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
- Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру қара-ақ түсті орындауда 1 шаршы см құны – 350 теңге;
- Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру түрлі-түсті орындауда 1 шаршы см құны – 400 теңге;
- Үміткерлер ұсынылатын мәтіндік, фото, т.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әр бетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына кандидаттық сенімхаты бар тұлғаның міндетті түрде қолы қойылады;
- Сайлауалды үгіт материалы оны қаржыландыру көзі туралы ақпаратпен қоса беріледі;
- Макет жасау мен баспа орнын ұсыну үшін 100 пайыздық алдын ала төлем жасалады;
- Сайлауалды үгіт материалдарын берудің соңғы мерзімі 2026 жылғы 1 маусым күнгі жергілікті уақытпен сағат 12.30-ға дейін деп белгіленеді;
- Форс-мажорлық жағдайлар Қазақстан Республикасының жалпы белгіленген қолданыстағы заңдарымен анықталады.
Ескерту: Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.
«Хромтау» газетініңредакциясы