Хромтау аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 15 мамырдағы №120 «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
БАСПА-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес нормативтік құқықтық акті қабылданады:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1.Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Хромтау ауданында Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
2) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 2 (екі) пайызы мөлшерінде белгіленеді.
көрсетілген шешімнің 3, 3-1,3-2 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
3-1. Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб–порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб–порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
3-3 Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:»;
Хромтау аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 15 мамырдағы №120 «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімнің жобасы e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 12 қараша 2020 жылы орналстырылған. Жария талқылау мерзімі 2020 жылдың 26 қарашада аяқталады. Есептемені қарау 58 бірлік, пікір -2.
Хромтау ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2020 жылы 17 караша № 140 хатымен алынды.