Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 29 сәуірдегі №41 қаулысы
Хромтау ауданының Құдықсай және Тасөткел ауылдық округ
әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Хромтау ауданының Құдықсай және Тасөткел ауылдық округ әкімдерінің сайлауы 2026 жылғы 07 маусымға тағайындалсын.
- Құдықсай және Тасөткел ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 30 сәуірден басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 12 мамыр жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Құдықсай және Тасөткел ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 17 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Хромтау» газетінде жариялансын.
Хромтау аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
төрағасы Н. Хасанов
Хромтау аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
хатшысы Қ. Диярова