GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Все материалы
19 мая 2026
ФУТБОЛДАН ЕКІНШІ ЛИГА: VI ТУР

Құрметті Хромтау тұрғындары мен футбол жанкүйерлері!

Екінші лиганың VI туры аясында жергілікті «Hromtau» футбол клубы өз алаңында «Turan» командасын қабылдайды.

Командамызға сіздердің қолдауларыңыз ауадай қажет! Стадионға келіп, сүйікті клубымызға бірге демеу болайық!

Күні: 12 мамыр
Уақыты: 15:00
Мекенжайы: «Горняк» орталық стадионы

Алға, Хромтау!

19 мая 2026
«Mamyr Cup» республикалық турнирінде «Хромтау» жасөспірімдер командасы чемпион атанды!

2015-2014 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен «Mamyr Cup» республикалық турнирінде «Хромтау» жасөспірімдер командасы чемпион атанды!

Астана қаласында өткен турнирде жергілікті команда сапынан:
«Үздік ойыншы» Тулеуов Әлім
«Үздік жаттықтырушы»Жаканов Жанабек атанды.

Жеңімпаз жігіттерді және жаттықтықтырушы Жаканов Жанабекті жеңісімен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда сәттілік пен биік белестер тілейміз!

28 апреля 2026
Хромтау ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері талқыланды

Хромтау ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту аясында ауыл шаруашылығы құрылымдарының қатысуымен кеңейтілген жиын өтті.

Жиынға Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов төрағалық етті. Кездесуге Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жүсібалиев, сондай-ақ облыстық салалық басқармалардың жетекшілері, ветеринария, жер қатынастары, орман шаруашылығы салаларының өкілдері және қаржы-даму институттарының мамандары қатысты.

Жиын барысында Асқар Жүсібалиев агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағыттары, мемлекеттік қолдау шаралары мен ауыл шаруашылығы саласын қолдауға арналған негізгі бағдарламалар туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, өңірдегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағыттары, қаржыландыру тетіктері, жер қатынастары, ветеринариялық қауіпсіздік және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жан-жақты қаралды.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары тарапынан егіс алқаптарын сақтандыру, жем-шөп дайындауға арналған жеңілдетілген дизель отыны, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау мерзімдері, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктеріне қатысты өзекті сұрақтар көтерілді.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушыларға нақты түсіндірмелер беріліп, саланы одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар міндеттер айқындалды.

28 апреля 2026
ХРОМТАУДА 70-КЕ ЖУЫҚ ЖЕМІС АҒАШЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Хромтау ауданында кезекті сенбілік ұйымдастырылып, аудан аумағында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, білім беру ұйымдарының ұжымдары және белсенді тұрғындар қатысты.

Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, абаттандыру жұмыстары атқарылды. Қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосып, ауданның көркеюіне атсалысты.

Сонымен қатар, №7 мектеп-гимназиясының аумағында ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, мектеп ауласына 70-ке жуық жеміс ағашының көшеттері отырғызылды. Бұл бастама оқушыларға экологиялық тәрбие берумен қатар, жасыл желекті көбейтуге бағытталған.

Осындай игі шаралар ауданның санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

04 марта 2026
ХРОМТАУ АУДАНЫНДА АРДАГЕРЛЕР ПЛЕНУМЫ ӨТТІ

Хромтау ауданында Ардагерлер кеңесінің кезекті пленум отырысы өтіп, ұйымның атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

Маңызды жиынға аудан басшылығы, облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері, кеңес мүшелері, бөлім басшылары, ауыл әкімдері және сала мамандары қатысты.

Жиын барысында конференцияның төралқасы мен мандат комиссиясының құрамы сайланды. Делегаттардың қатысуымен өткен дауыс беру нәтижесінде ұйымның алдағы жұмыс бағыттары айқындалып, тиісті шешімдер қабылданды.
Конференция аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ардагерлер қауымдастығының қосатын үлесі мен жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелері талқыланды.

Аудан әкімі Н.Ж. Тілеумұратов ардагерлердің қоғамдық өмірдегі белсенділігіне тоқталып, алдыңғы толқын өкілдерінің тәжірибесі мен ақыл-кеңесі ел бірлігін нығайтуда ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Пленум қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар қабылданып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары бекітілді.

Ардагерлер – елдің алтын қазынасы. Олардың белсенділігі мен парасатты пікірі аудан дамуы жолындағы маңызды тірек болып қала береді.

04 марта 2026
ХРОМТАУ АУДАНЫНДА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Хромтау ауданында 1 Наурыз – Алғыс айту күніне орай әлеуметтік маңызы зор игі шара жүзеге асырылып, тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы мемлекеттік саясат шеңберінде кезекті маңызды қадам атқарылды. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жалдамалы тұрғын үйлер кілттері салтанатты түрде табысталды.

Аталған пәтерлер «Отбасы банк» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді.

Нақтырақ айтқанда:
– Әйтеке би көшесі, 57-үй, А корпусы бойынша 13 пәтер;
– Ағайынды Жұбановтар көшесі, 3-үй, Б корпусы бойынша 2 пәтер табысталды.
Жалпы саны – 15 жалдамалы тұрғын үй.

Салтанатты рәсім барысында тұрғын үй кілттерін аудан әкімі табыстап, қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Тұрғын үйлердің құрылысын «ЖарСтрой LTD» ЖШС жүргізді. Құрылыс сапасы мен уақытылы орындалуы үшін аталмыш компанияның құрылысшылары аудан әкімі тарапынан алғысхатпен марапатталды.

Бұл шара – Алғыс айту күніне орай азаматтардың әлеуметтік қолдауына деген көңіл білдіру және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам. Тұрғын үйлер белгіленген талаптарға сай салынып, инженерлік-коммуникациялық желілерге толық қосылған. Алдағы уақытта да аталған бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады.
 
04 марта 2026
САЙЛАУ УЧАСКЕСІН ОНЛАЙН ТАБУ

Сілтемелер арқылы ыңғайлы цифрлық қызметтерді пайдалана отырып, қай сайлау учаскесінде дауыс беру қажет екенін біліңіз:

• Telegram-бот — https://t.me/Akimat04bot

25 февраля 2026
Е-ӨТІНІШ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
24 февраля 2026
ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ҚАЙЫРКЕН ӘЛИЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ХРОМТАУ АУДАНЫНА КЕЛДІ

Іссапар аясында аудан активімен кеңейтілген кездесу өтті. Жиын барысында аудандық полиция бөлімінің басшысы Ринат Мұратұлы баяндама жасап, өңірдегі криминогендік ахуал, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы жан-жақты мәлімет берді.

Кездесуде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, интернет-алаяқтықтың алдын алу, жол қауіпсіздігін сақтау, тұрмыстық құқық бұзушылықтарды азайту мәселелері кеңінен талқыланды. Ашық форматта өткен жиында қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, өзекті сұрақтарын жолдады.

Жиын қорытындысында өңірдегі құқықтық тәртіпті нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ішкі істер органдарымен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға қосқан үлесі үшін аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасы Алғыс хатпен марапатталды. Бұл қадам жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау құрылымдары арасындағы үйлесімді жұмыстың нәтижесін айқындай түсті.

20 февраля 2026
Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі жамағат!

Баршаңызды мұсылман әлемінің ең қасиетті де қастерлі айы – Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан – он екі айдың сұлтаны, береке мен бірлікті арттырып, кешірім мен мейірімді, сабыр мен қанағатты дәріптейтін ерекше кезең. Бұл ай адам баласын рухани тазаруға, ізгілік пен қайырымдылық жасауға үндейді. Ата-бабаларымыз қасиетті Рамазанды айрықша құрметпен қарсы алып, оның әр күнін сауапты істермен өткізуге мән берген. Осы игі дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып, қоғамымыздағы ынтымақ пен татулықтың нығаюына негіз болып келеді.

Қасиетті айдың тағылымы – адамдарды бауырмалдыққа, кішіпейілділікке, сабыр мен төзімділікке тәрбиелеу. Ораза ұстау арқылы адам нәпсісін тыя отырып, рухани кемелденуге ұмтылады, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, адамгершілік құндылықтарды жоғары қояды. Бұл – қоғамдағы өзара сыйластық пен түсіністікті арттыратын маңызды рухани мектеп.

Ардақты ағайын!

Берекенің бастауы болған қасиетті Рамазан айында жасаған барлық игі амалдарыңыз бен ақ тілектеріңіз қабыл болсын. Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, бірлігіміз нығая берсін.

Қасиетті Рамазан айы баршаңызға мүбарак болсын!

Құрметпен,
Хромтау ауданының әкімі

Нұрхан Тлеумұратов

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы