Көктөбе ауылдық округі бойынша 2026 жылдың 1 тоқсандағы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша талдамалық анықтама

           Көктөбе ауылдық округі 2026 жылдың 1 тоқсаны бойынша көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті негізді бас тарту саны – 0.  Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы бас тарту болған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасының жоғарылауына әдістемелік көмек ретінде ауылдық округ әкімдігінің инстаграмм парақшасында ақпараттар орналастырылған. Халықпен электронды түрде көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыруға байланысты насихат жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасында цифрландыру мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты болып айқындалған соң округ бойынша мемлекеттік корпорация мен «электрондық үкімет» (egov.kz) веб-порталы арқылы қызметтерді алу мүмкіндіктері бар.

Бүгінгі күні әкімдігімізде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы азаматтар қажетті анықтамалары мен өтініштерін электронды нысанда жіберуде.  

2026 жылдың 2-6 наурыз айында «Көктөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы Г.У.Канатбаева «Гендерлік теңгерім: тепе-теңдікке жетудің практикалық құралдары» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарының бағдарламасын 40 академиялық сағат көлемінде оқып келді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Дата публикации
20 апреля 2026