«Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі бойынша 2026 жылдың 1 тоқсан қорытындысына мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау
бойынша талдамалық анықтама
Мекеме бойынша 2026 жылдың 1 тоқсаны бойынша көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті негізді бас тарту саны – 0.
Облыс әкімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту тапсырмасын орындау мақсатында ауылдық округте жергілікті атқарушы органдарының 2026 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша а.ж. 1 тоқсанында 1 іс-шара өткізілді, қамтылған халық саны – 41. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасының жоғарылауына әдістемелік көмек ретінде ауылдық округ әкімдігінің инстаграмм парақшасында ақпараттар орналастырылған. Халықпен электронды түрде көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыруға байланысты насихат жұмыстары тығыз жүргізілуде. Біліктілікті арттыру семинар, курстар, оқулар болған жоқ.
Бүгінгі күні әкімдігімізде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы азаматтар қажетті анықтамалары мен өтініштерін электронды нысанда жіберуде.