Бөгетсай ауылдық округінде абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде 🌿✨ Ауыл келбетін көркейту мақсатында көше бойларына тал көшеттері отырғызылып 🌳, айналаны әсемдікке бөлейтін көпжылдық гүлдер егілді 🌸🌼 Бұл игі шара – туған жерімізді таза, көрікті әрі жайлы етуге бағытталған маңызды қадам 🏡💚 Жасыл желек пен жайқалған гүлдер ауылымыздың ажарын ашып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды 😊🌺 Табиғатты аялау – баршамызға ортақ міндет!
2026 жылдың 17-18 сәуір күндері Бөгетсай ауылында Сырлыбай Бекбаев көшесіндегі жарылған бағаналар ауыстырылды.
Футболдан Қазақстан Республикасы Кубогінің 1/16 финалдық кезеңі аясында «Хромтау» мен астаналық «Жеңіс» командалары кездесті.
Матч жоғары қарқынмен өтіп, жанкүйерлерге әсерлі әрі тартысты ойын сыйлады. Екі команда да белсенді ойын өрнегін көрсетіп, алаңда нағыз бәсекеге толы кездесу болды.
Кездесу қорытындысы бойынша есеп 1:4 болды. Ойынның екінші таймында «Жеңіс» командасы нәтижелі сәттерін тиімді пайдаланып, ал «Хромтау» өз кезегінде қарымта шабуылдар ұйымдастырып, 76-минутта Данияр Урда есеп айырмасын қысқартты.
Жалпы, кездесу жоғары деңгейде өтіп, көрермендер үшін қызықты болды.
«Хромтау» командасына алдағы ойындарда сәттілік тілейміз!
Хромтау ауданында жұмыс сапары аясында арнайы пресс-тур өтті. Аталған шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен қатар, әлеуметтік желілердегі белсенді қолданушылар мен TikTok платформасының контент жасаушылары қатысты.
Пресс-тур барысында қатысушылар аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалармен танысты. Атап айтқанда, жаңадан салынған мәдениет үйі, дене шынықтыру кешені, білім беру нысаны, өндірістік кәсіпорындар және абаттандыру жұмыстары жүргізілген қоғамдық орындар қамтылды.
Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстан Республикасы Кубогінің 1/16 финалдық кезеңі аясында өткен «Хромтау» мен «Жеңіс футбол клубтары арасындағы тартысты ойынды тамашалады. Кездесу көрермендерге ерекше әсер сыйлап, өңірдегі спортқа деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті.
Пресс-тур аясында қонақтар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша ақпарат алып, жүзеге асырылып жатқан жобалардың маңыздылығына назар аударды. Мұндай іс-шаралар өңірдің әлеуетін танытып, қоғам мен билік арасындағы ашықтықты арттыруға ықпал етеді.
13 сәуір күні Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев Хромтау ауданына жұмыс сапарымен келді.
Аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов басқарма басшысын қабылдап, өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлар төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбіді.
Алдымен делегация №2 Хромтау балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, мекеменің материалдық-техникалық базасымен танысты.
Одан кейін аудандық мәдениет үйінде болып, жастарға арналған шығармашылық үйірмелердің қызметін көрді. Атап айтқанда, өнер, би, вокал және басқа да бағыттар бойынша жұмыс істеп жатқан үйірмелердің жұмысы көрсетіліп, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жобалар таныстырылды.
Бұдан соң Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде студент жастарымен кездесу өтті. Еркін форматта өткен кездесуде жастар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өңірдегі жастар саясатына қатысты сұрақтарын қойды. Басқарма басшысы мен аудан әкімі тарапынан нақты жауаптар беріліп, жастар бастамаларын қолдау мәселелері талқыланды. Жастар саясатына үлес қосып жүрген жас мамандар басқарма тарапынан марапатталды.
Одан бөлек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында орталық саябақта ағаш көшеттерін отырғызды.
Жұмыс сапары барысында жастар саясатын дамыту, олардың әлеуетін арттыру және қолдау шараларын күшейту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
Сілтемелер арқылы ыңғайлы цифрлық қызметтерді пайдалана отырып, қай сайлау учаскесінде дауыс беру қажет екенін біліңіз:
• Telegram-бот — https://t.me/Akimat04bot