Хромтау ауданында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Шексіз мүмкіндіктер» атты EDU FEST фестивалі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында инклюзивті білім беруді дамыту, заманауи тәсілдерді енгізу және тәжірибе алмасу бағытында бірқатар мазмұнды кездесулер өтті. Фестиваль аясында түрлі алаңдар жұмыс істеп, қатысушылар білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Шараға аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов, Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева, педагогтер мен ата-аналар қатысып, инклюзивті ортаны дамыту мәселелеріне назар аударды.
Фестивальдің жабылу салтанаты мәдениет үйінде өтіп, жас өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар, білім саласына үлес қосқан ұстаздар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Аталған іс-шара инклюзивті білім беруді қолдауға және әр баланың әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды алаң болды.
Жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында ауданда ерте кәсіптік бағдарлау жұмыстары жүргізілуде.
Хромтау ауданы әкімінің орынбасары, өңірлік кадр резервінің мүшесі, Алиаскар Отарбай №7 Хромтау мектеп - гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Мұндай кездесулер жастардың мемлекеттік басқару жүйесіне деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.
Хромтау қаласындағы «Горняк» орталық стадионында футболдан «Екінші лига» командалары арасындағы Қазақстан Республикасы біріншілігінің 1-туры аясында «Хромтау» футбол клубы мен «Атырау (Ж)» командасы арасында тартысты кездесу өтті.
Ойын қорытындысы бойынша алаң иелері — «Хромтау» футбол клубы 3:0 есебімен айқын жеңіске жетті.
Бұл кездесу — Хромтау қаласы үшін ерекше тарихи мәнге ие. 2008 жылдан бері үзіліп қалған футбол қайта жанданып, жергілікті жанкүйерлердің көптен күткен ойыны жоғары деңгейде өтті.
Матч барысында стадионға жиналған тұрғындар ерекше белсенділік танытып, өз командаларына зор қолдау көрсетті. Жанкүйерлердің ыстық ықыласы мен қолдауы ойыншыларға қосымша серпін беріп, нәтижелі ойын көрсетуіне ықпал етті.
Хромтау қаласында футболдың қайта дамуы – өңірдегі бұқаралық спортты дамыту жолындағы маңызды қадамдардың бірі.
Өңір басшысы Асхат Шахаровтың тапсырмасымен құрылған «Хромтау» футбол командасы жаңа маусымда ойынға қатысады.
Футболдан «Екінші лига» командалары арасындағы Қазақстан Республикасы біріншілігіне қатысатын «Хромтау» футбол клубының ойыншыларын таныстыру рәсімі өтті. Рәсім аясында аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов командамен кездесіп, ашық форматта пікір алмасты.
Кездесу барысында өңірде футболды дамыту бағытындағы мәселелер қозғалып, алдағы жоспарлар талқыланды. Аудан әкімі командаға алдағы ойындарда сәттілік тілеп, жүйелі дайындық пен жоғары жауапкершіліктің маңызын атап өтті.
Өз кезегінде футбол клубының мүшелері көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғыстарын білдіріп, бұл сенім олардың жігерін арттыратынын жеткізді.
Кездесу соңында аудан әкімі клубтың әрбір ойыншысына арнайы спорттық киім – ойын формаларын табыстап, командаға сәттілік тіледі.
14 сәуір күні Хромтау қаласында аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық жетінші сессиясы өтті. Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес, депутаттар 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы мәселені талқылады. Сонымен қатар, аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, сондай-ақ тұрғын үй комиссиясының дербес құрамдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қарастырылды.
Бұдан бөлек, сессия барысында аудандық мәслихат депутаттарының депутаттық сауалдары тыңдалып, тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
26–29 наурыз аралығында Алматы қаласында спорттық жүрістен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.
Аталған жарыста Ақтөбе облысының жас спортшысы Аиша Жургентаева жоғары нәтиже көрсетіп, ел чемпионы атанды. Ол 5 шақырым қашықтықта U-18 жас санатында сынға түсіп, бірінші орынды иеленді.
Аиша Жургентаева — Хромтау қаласындағы №4 орта мектептің 9-сынып оқушысы. Жеңіс — өңір спорты үшін маңызды жетістік. Айта кету керек, спорттық жүрістен Қазақстан чемпиондығы Ақтөбе облысында соңғы 8 жылда алғаш рет тіркеліп отыр.
Спортшыны жарысқа жаттықтырушылары Нұрлан Құрманғазин, Руслан Құрманғазин және Регина Штолинская шынықтырды.
Бұл нәтиже - Президенттің бұқаралық спортты дамыту және жас спортшыларды қолдау туралы тапсырмасымен жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нақты көрінісі.
13 сәуір күні Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев Хромтау ауданына жұмыс сапарымен келді.
Аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов басқарма басшысын қабылдап, өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлар төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбіді.
Алдымен делегация №2 Хромтау балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, мекеменің материалдық-техникалық базасымен танысты.
Одан кейін аудандық мәдениет үйінде болып, жастарға арналған шығармашылық үйірмелердің қызметін көрді. Атап айтқанда, өнер, би, вокал және басқа да бағыттар бойынша жұмыс істеп жатқан үйірмелердің жұмысы көрсетіліп, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жобалар таныстырылды.
Бұдан соң Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде студент жастарымен кездесу өтті. Еркін форматта өткен кездесуде жастар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өңірдегі жастар саясатына қатысты сұрақтарын қойды. Басқарма басшысы мен аудан әкімі тарапынан нақты жауаптар беріліп, жастар бастамаларын қолдау мәселелері талқыланды. Жастар саясатына үлес қосып жүрген жас мамандар басқарма тарапынан марапатталды.
Одан бөлек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында орталық саябақта ағаш көшеттерін отырғызды.
Жұмыс сапары барысында жастар саясатын дамыту, олардың әлеуетін арттыру және қолдау шараларын күшейту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
Ауылдық жерлердегі халықтың цифрлық сауаттық деңгейін ескере отырып, азаматтарға электрондық мемлекеттік қызметтерді алу кезінде цифрлық қолдауды күшейту мақсатында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының Хромтау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкері Ергазиев Нурлан Сейлханович ауыл тұрғындарымен оқыту жүргізді.
Сілтемелер арқылы ыңғайлы цифрлық қызметтерді пайдалана отырып, қай сайлау учаскесінде дауыс беру қажет екенін біліңіз:
• Telegram-бот — https://t.me/Akimat04bot