| № | Ұсыныс | Іс-шараның атауы | Толтыру формасы | Жауапты маман | Мерзім |
| 1 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына мынадай мазмұндағы өзгерістер енгізу туралы ұсыныстармен хат жолдасын: «Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы немесе жалғыз ұйымдастырушы осы баптың 1-тармағында көзделген шағым беру мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде шағымды қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдауға міндетті.». | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс. | ҚР Қаржы министрлігіне хат | Сатып алулар саласындағы шағымдарды қарау бөлімінің басшысы | 2025 жылдың екінші жартысы |
| 2 | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың әлеуетті өнім берушілерге шартты жеңілдіктер тағайындауға қатысты нормаларын түсіндіру үшін сұрау салу жіберу, әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі бойынша біліктілік талаптарын белгілеу критерийлері автомобиль жолдарын орташа жөндеуге ғана қатысты болған жағдайда, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығының 84-тармағын алып тастау туралы ұсыныс жіберу. | 2024 жылғы 9 қазандағы No 687 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы No 687 бұйрығының 84-тармағын алып тастау туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыныс. | ҚР Қаржы министрлігіне хат | Жұмыстардың, қызметтердің, тауарлардың мемлекеттік сатып алулар рәсімдерін өткізу бөлімдерінің басшылары | 2025 жылдың екінші жартысы |
| 3 | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына техникалық қадағалауды аккредиттеуді техникалық байқауға аккредиттеуден бөлек көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы ұсыныс енгізілсін. | «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылым министрлігіне ұсыныс. | ҚР Индустрия және инфрақұрылым министрлігіне хат | Жұмыстардың, қызметтердің, тауарлардың мемлекеттік сатып алулар рәсімдерін өткізу бөлімдерінің басшылары | 2025 жылдың екінші жартысы |
| 4 | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі техникалық күрделі емес объектілердегі құрылыс-монтаждау жұмыстарына техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін беру туралы ұсыныс енгізсін. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жеке тұлғалардың мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін беру туралы ұсыныс | ҚР Қаржы министрлігіне хат | Жұмыстардың, қызметтердің, тауарлардың мемлекеттік сатып алулар рәсімдерін өткізу бөлімдерінің басшылары | 2025 жылдың екінші жартысы |