«Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ
2025 – 2027 жылдарға арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ
«Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйекте № 414 Ақтөбе обылысының Қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жұмыс жасайды.
«Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ-нің миссиясы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығы негізінде айқындалған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырудан және өткізуден тұрады.
Басқарудың негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беруді қамтамасыз ету;
- мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаның оңтайлы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету.
Облыс әкімдігінің 2021 жылдың 6 мамырындағы №305 «Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының штат санының лимиттерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес бекітілген Басқарма қызметкерлердің штаттық санының лимиті: 18 бірлік мемлекеттік қызметкер және 4 штаттан тыс қызметкер қарастырылған.
Ерекшеліктер бойнша есептеулер мемлекеттік мекеменің өткен жылғы ұстауға арналған нақты шығындар талдаудын ескере отырып жасалды.
Өтінімнің қаржыландыру көзі облыстық бюджет болып табылады.
2025 – 2027 жылдарға арналған жалпы бекітілген сомасы 363 942,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде (анықтама үшін 2024 – 2026 жылдарға 358 839,0 мың теңгені құрады, өсім басқарманың штат санын көбейту есебінен болды):
718001015 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іке асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша әкімшілік шығындармен Басқарманың штатын ұстау бойынша шығындарын қосқанда, Басқармамен 2025 жылға – 121 316,0 мың теңге жоспарланған.
Келесі ерекшеліктер бойынша:
Іске асыру жоспарлы кезең мерзімі: 2025 – 2027 жылдары.
Орындалудың түпкі нәтижесі жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде және жасалған шарттарға сәйкес қол жеткізу, мемлекеттің Басшысымен, Үкіметімен алға қойған, мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.