«Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ
2024 – 2026 жылдарға арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ (нақтылау)
"Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі әділет органдарында 2022 жылғы 21 Маусымда тіркелген облыс әкімдігінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 183 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жұмыс істейді.
Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының миссиясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығымен айқындалатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша облыстың Бірыңғай мемлекеттік сатып алуларын ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Басқарудың негізгі міндеттері: - әлеуетті өнім берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беруді қамтамасыз ету; - Мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; - Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсауды қамтамасыз ету. Басқарма қызметкерлерінің штат санының жалпы лимиті облыс әкімдігінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 305 "Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының штат санының лимиттерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысымен бекітілген, саны 18 мемлекеттік қызметші, сондай-ақ 2 штаттан тыс қызметкер көзделген (техникалық персонал 1 бірлік-қабылдау бөлмесінің хатшысы, 1 бірлік - жүргізуші). Ерекшеліктер бойынша есептеулер өткен жылдардағы мемлекеттік мекемені ұстауға жұмсалған нақты шығындарды талдауды ескере отырып жасалды.
Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 10 шілдедегі №151 2024 – 2026 жылдарға арналған шешіміне сәйкес жалпы нақтыланған сома 383 678,0 мың теңгені құрайды (анықтама ретінде 2023 – 2025 жылдарға – 382 702,0 мың теңгені құрады, өсім басқарманың штат санын ұлғайту есебінен болды):
718001000 "Мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" бағдарламасы бойынша басқарма 2024 жылға 141 032,0 мың теңге жоспарлаған, оған басқару штатын ұстау бойынша шығыстар мен әкімшілік шығыстар кіреді.
Келесі ерекшеліктер бойынша:
Іске асыру жоспарлы кезең мерзімі: 2024 – 2026 жылдары.
Орындалудың түпкі нәтижесі жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде және жасалған шарттарға сәйкес қол жеткізу, мемлекеттің Басшысымен, Үкіметімен алға қойған, мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.