Меню

Страницы

Статья

«Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ 2024 – 2026 жылдарға арналған АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ (жоба)

«Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ

2024 – 2026  жылдарға арналған

  АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ (жоба)

 «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйекте № 414 Ақтөбе обылысының Қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жұмыс жасайды.

«Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ-нің миссиясы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығы негізінде айқындалған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырудан және өткізуден тұрады.  

Басқарудың негізгі міндеттері:

- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беруді қамтамасыз ету;

- мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

- мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаның оңтайлы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету.

Облыс әкімдігінің 2021 жылдың 6 мамырындағы №305  «Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының штат санының лимиттерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес бекітілген Басқарма қызметкерлердің штаттық санының лимиті: 19 бірлік мемлекеттік қызметкер және 3 штаттан тыс қызметкер қарастырылған.

Ерекшеліктер бойнша есептеулер мемлекеттік мекеменің өткен жылғы ұстауға арналған нақты шығындар талдаудын ескере отырып жасалды.

Өтінімнің қаржыландыру көзі облыстық бюджет болып табылады.

2022 жылдың 14 желтоқсанында №158 облыстық маслихаттың шешімімен, 2024 – 2026 жылдарға арналған жалпы бекітілген сомасы 362 833,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде (анықтама үшін 2023 – 2025 жылдарға 356 750,0 мың теңгені құрады, өсім басқарманың штат санын көбейту есебінен болды):

  • 2024 жылға – 120 187,0 мың теңге
  • 2025 жылға – 121 323,0 мың теңге
  • 2026 жылға – 121 323,0 мың теңге

718001015  «Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іке асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша әкімшілік шығындармен Басқарманың штатын ұстау бойынша шығындарын қосқанда, Басқармамен 2024 жылға – 120 187,0 мың теңге жоспарланған.

Келесі ерекшеліктер бойынша:

  • 111 «Еңбек ақы төлеу» – 70 179,0 мың теңге, (19 бірлік мемлекеттік қызметкер);
  • 112 «Қызметкерлердің еңбегіне қосымша ақы төлеу» – 11 698,0 мың теңге, (19 бірлік мемлекеттік қызметкер);
  • 113 «Өтемақы төлеу» – 11 697,0 мың теңге (19 бірлік мемлекеттік қызметкер);
  • 121 «Әлеуметтік салық» – 4 328,0 мың теңге (әлеуметтік салық 6 %);
  • 122 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандандыру қорына әлеуметтік аударымдар» – 2 518,0 мың теңге (әлеуметтік аудармалар 3,5 %);
  • 124 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар» – 2 454,0 мың теңге (2023 жылдың 1 қаңтардан бастап 3 %,);
  • 131 «Техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу» – 4 461,0 мың теңге, (3 штаттан тыс қызметкер);
  • 135 «Техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары» – 575,0 мың теңге;
  • 149 «Өзге де тауарларды сатып алу» - 1 360,0 мың теңге;(А-4 форматты ақ қағаз, кеңсе құралдары, автокөлікке арналған қосалқылары, басылым өнімдерге жазылу)
  • 152 «Байланыс қызметтерге ақы төлеу» - 1 610,0 мың теңге (6 нөмер бойынша абенентік төлем, үш нөктемен интернет желісіне кіру қызметтері, қалааралық сөйлесулер мен пошта қызметтері);
  • 158 «Ақпараттық технологиялар саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу» - 3 000,0 мың тенге;
  • Қаржылық қызмет (Банктік қызмет 0,3%) – 82,0 мың теңге (бір айға 6,8 мың тенге);
  • негізгі құралдарға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге (жүйелік блоктар, мониторлар, процессорлар, факс аппараттары, кондиционерлер, МФУ, түрлі-түсті принтерлер) – 1 308,0 мың теңге (айына 109,0 мың теңге), автокөлікке техникалық қызмет көрсету – 720 тенге (1 айға 60 мың теңге);
  • - 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» - 1 942,0 мың теңге:
  • Мемлекеттік сатып алуды өткізу саласындағы жаңа өзгерістермен танысуға және оқытуға, семинарларға қатысуға – 1 140,0 мың теңге (19 маман х 60 000);
  • «Парус – КАЗ» бағдарламалық өніміне техникалық және әдістемелік қызмет көрсету - 1 692,0 мың теңге (1 айға 141,0 мың теңге);
  • 161 «Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар» - 3 046,0 мың теңге (2021 жылға жоспарланған іссапарлық іс-шаралар жоспарының жобасына сәйкес);

 718003015 «Мемлекеттік органның күрделі шығындары»  бағдарламасы бойынша  Басқармамен 2024 жылға 1 942,0 мың теңге жоспарланған

  • 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша – 1 942,0 мың теңге, тумбасы бар бұрыштық жазу үстелі орындықпен –  5 дана, киім шкафы – 2 дана, құжаттарға арналған шкаф - 3 дайындау жұмыстары (басқарманың штат санының ұлғаюына байланысты)

 Іске асыру жоспарлы кезең мерзімі: 2024 – 2026 жылдары.

Орындалудың түпкі нәтижесі жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде және жасалған шарттарға сәйкес қол жеткізу, мемлекеттің Басшысымен, Үкіметімен алға қойған, мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

Дата публикации
21 декабря 2023
Дата обновления
21 декабря 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
05 октября 2026
Ақтөбе облысы мәслихатының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі №352 шешіміне сәйкес 2026 жылға арналған "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ нақтыланған бюджеті
18 сентября 2026
2026 жылғы 1 мамырға арналған " Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы " ММ бюджетінің атқарылуы
18 сентября 2026
2026 жылғы 1 маусымға арналған " Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы " ММ бюджетінің атқарылуы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы