Меню

Страницы

Статья

«Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 2023 жылдың 31 мамыры                                                                       Ақтөбе қ.

 

Талданатын объект: «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының   8 бабының 5 тармағы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес және 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 1777-ө «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Басқармасы басшысының бұйрығы негізінде өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:

Нұраев Е.Е. – жұмыстардың мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізу бөлімінің басшысы;

Темірбаев Б.А. - қызметтердің мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізу бөлімінің басшысы;

Ильясова С.Т. - тауарлардың мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізу бөлімінің басшысы.

Жолмухамбетов А.А. – мониторинг, сатып алуларды электрондық сүйемелдеу және тапсырыс берушілермен жұмыс істеу бөлімінің басшысы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі: 01.05.2023 ж. - 31.05.2023 ж.

Талдау кезені: 2023 жылдың бірінші жартыжылдығы.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.

Басқармаға бағынысты мекемелер жоқ.

І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Ағымдағы жылда облыс бойынша шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатын авторлық қадағалау қызметтері бойынша мемлекеттік сатып алудың күшін жою фактілері анықталды.

Осыған орай, ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасының қолданыстағы нормаларына сәйкес, авторлық қадағалауды барлық құрылыс объектілерінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушілермен ғана жүзеге асырылады. Жобаны әзірлеуші авторлық қадағалау жүргізуді, инжинирингтік қызметтер жөніндегі сарапшыға не тапсырыс берушіге бәсекелестік тәсілдерімен қызмет көрсетушіні таңдау үшін беру жағдайлары, ерекше болып табылады.

Бұл ретте, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында (әрі қарай - Заң) жобаның әзірлеушімен шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен авторлық қадағалау бойынша шарт жасасу көзделген (39-баптың 3-тармағының 48-тармақшасы).

Алайда, Заңның 41-бабына сәйкес, шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен қызметтерді сатып алу мұндай қызметтерді өзге де тәсілдермен сатып алу мүмкін болмаған айрықша жағдайларда жүзеге асырылады, осыған орай, бұл норма авторлық қадағалауды мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды, өйткені жобаның әзірлеуші авторлық қадағалауды жүзеге асырудан бас тартқан жағдайда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды бәсекелестік тәсілдермен жүргізуге құқылы.

Жоғарыда көрсетілген тармақтар бойынша, Заңның дұрыс түсіндірілмеуіне байланысты Ақтөбе облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай – Департамент) тапсырыс берушілерге авторлық қадағалау бойынша мемлекеттік сатып алудың күшін жою туралы хабарламаны заңсыз жібереді. Департаменттің аталған іс-әрекеттері жобаларды іске асырудың уақтылы басталуына әсер етеді.

Осыған орай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындау мүмкіндіктері бар. 

Ұсыным: «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабы 3-тармағының 48) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «күрделі құрылыс объектілерінің жобалық құжаттамасын әзірлеуді авторлық қадағалау, күрделі құрылыс объектілерін салуды, реконструкциялауды және күрделі жөндеуді авторлық қадағалау жөніндегі қызметтерді тиісті авторлардың сатып алуы, мыналарды қоспағанда сатып алудың бәсекелестік тәсілдерімен жеткізушіні өз бетінше таңдау үшін жобалаушының авторлық қадағалауды жүзеге асыруын Тапсырыс берушіге беруі» ҚР Қаржы министрлігіне өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жолдау.

  1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына мемлекеттік сатып алуды жариялау кезінде тапсырыс беруші жобалау-сметалық құжаттамада көзделген біліктілік талаптарын, оның ішінде әлеуетті өнім берушілерде жұмыстардың жекелеген түрлеріне тиісті лицензиялардың болуы туралы белгілейді.

Осылайша, жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес, конкурстық рәсімдерді жүзеге асыру кезінде нақтыға көшіруге байланысты геодезиялық жұмыстарға іздестіру қызметінің лицензияланатын түрінің кіші түрі белгіленді

Алайда, жарияланған мемлекеттік сатып алулардың конкурстық құжаттамасын талқылау кезеңінде Департамент әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейтін біліктілік талаптарын белгілеу бөлігінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберді.

Бұл ретте хабарламалардың жолдануы лицензияның атауы мен қызмет түрі, бұл жағдайда – іздестіру қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңының нормаларына сүйене отырып, құрылыс саласына жатпайтындығымен негізделді.

Осыған байланысты, хабарламада көрсетілген дәлелдерді Департамент негізсіз және қате түсіндірді деп санаймыз, өйткені рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы заңнамаға сәйкес қызметтің бұл түрі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланған қызметке жатады.

Осылайша, мердігерлік ұйымдарда жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстарға лицензиялардың болмауы объектілердің толыққанды және сапалы іске асырылуына әсер етеді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына себеп болуы мүмкін.

Ұсыным: Департаменттің аумақтық органдары қабылдайтын шешімдерді бақылауға алу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларының біркелкі қолданылуын бақылауды күшейту туралы ҚР Қаржы министрлігіне ұсыныс жолдау.

  1. Осындай жағдай газ құбырларын салу объектілері бойынша Мемлекеттік сатып алуларда байқалады. Біліктілік талаптарында әлеуетті өнім берушілерде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес иондаушы сәуле шығаратын аспаптар мен қондырғылармен жұмыс істеуге лицензияның болуы анықталған кезде. Егер жобалау-сметалық құжаттамада радиография әдісімен дәнекерленген қосылыстардың сапасын бақылау жөніндегі жұмыстар және оларға ілеспе рентген аспаптары көзделсе, бұл талап қажет.

Сонымен қатар, дәнекерленген қосылыстардың сапасын бақылау-бұл газ құбырларының дәнекерленген қосылыстарының жұмыс істеуге жарамдылығын бағалау әдістерінің жиынтығы. Бақылау дәнекерленген қосылыстардың сапасын бақылауды бақылауды нақты әдістермен орындауға белгіленген тәртіппен аттестатталған мамандар орындауы тиіс. Бұл жағдайда радиография әдісі жасырын ақауларды анықтау үшін материалдарды зерттеуді қарастырады.

Бүгіңгі таңда, Департамент аталған лицензияның құрылыс саласына жатпайтындығына сілтеме жасай отырып, конкурстық комиссия мүшелерінің біліктілік талаптарын асыра бағалау туралы ұстанымды ұстанады.

Сонымен қатар, ҚР Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлігі) сәйкес мердігер жұмыстардың көлемі мен мазмұнын айқындайтын жобалау құжаттамасына сәйкес құрылысты және онымен байланысты жұмыстарды жүзеге асыруға міндетті. Жобада радиография әдісімен құбырлардың дәнекерленген қосылыстарының сапасын бақылау бойынша лицензияланатын жұмыстар, сондай-ақ рентгендік дефектоскоп аспабы көзделгендіктен, мердігер құрылыс барысында осы жұмыстарды орындауы тиіс. Біліктілік талаптарында мұндай лицензиялар болмаған жағдайда, жеңімпаз жоғарыда көрсетілген жұмыстарды орындау құқығынсыз заңсыз айқындалатын болады.

Жоғарыда айтылғандармен қатар, Департамент Конкурстық комиссия мүшелері қатысушылар шеңберін негізсіз тарылтады деген дәлелдерге негізделеді, өйткені барлық әлеуетті өнім берушілерде жоғарыда аталған лицензиялар жоқ. Бұл ретте, мұндай жағдайларда заңнамада лицензияланатын қызмет түрлерінің қажетті кіші түрлері бар қосалқы мердігерлік ұйымдарды тарту көзделген.

Алайда, бүгінгі таңда рейтингтік-балдық жүйе тәсілімен конкурсқа қатысуға өтінім беру кезінде әлеуетті өнім берушілерде веб-порталда техникалық сипаттағы проблемалар туындайды. Сонымен, қосалқы мердігерлік ұйымды тартқан кезде қосалқы мердігерлік лицензияны оның кіші түрлерімен қоса тіркеу мүмкін емес.

 Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау қаупі бар.

Ұсыным: Басқармамен қосалқы мердігерлік ұйымдарды қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес тарту мүмкіндігі бөлігінде функционалды келтіру туралы ҚР Қаржы министрлігіне ұсыныс жолдау.

  1. Бүгінгі таңда «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес техникалық қадағалау бойынша мемлекеттік сатып алуды жариялау кезінде (жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейлеріндегі техникалық күрделі объектілерде) әлеуетті өнім берушілерде «Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалауды және техникалық тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» екінші санаттағы рұқсаттың болуы бөлігінде біліктілік талаптары белгіленеді.

Айта кету керек, уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәліктерді техникалық қадағалау бойынша жеке және ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру бойынша жеке береді

Осылайша, сатып алу нысанасы техникалық қадағалау болып табылатындығына байланысты конкурстық комиссияның мүшелері әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау кезінде техникалық қадағалау бойынша аккредиттелген, техникалық тексеру бойынша аккредиттелмеген компанияларға жол беріледі.

Алайда, Департамент камералдық бақылау нәтижелері бойынша ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру бойынша аккредиттелмеген әлеуетті өнім берушілерді жіберуді белгіленген біліктілік талаптарына сілтеме жасай отырып, заңсыз деп санайды.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы рұқсаттар тізбесінде техникалық қадағалауды жүзеге асыруға тек аккредиттеу бойынша рұқсатты таңдау жоқ екендігін ескеру қажет, өйткені «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңында рұқсаттың бұл түрі бір тармақта көзделген: «Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық қадағалауды және техникалық тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу».

Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындау қаупі бар деп санаймыз, себебі рұқсаты жоқ әлеуетті өнім берушілерді жіберу заңсыз болып табылады.

Ұсыным: Басқармамен техникалық тексеру бойынша аккредиттеуден бөлек техникалық қадағалау бойынша аккредиттеуді көрсету бөлігінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы ҚР Индустрия Инфрақұрылымдық Даму Министрлігіне ұсыныс жолдау.

  1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшартты дұрыс есептеу үшін инженерлік желілерді кешенді салу бойынша мемлекеттік сатып алуды жариялау кезінде тапсырыс берушілер лицензияланатын қызмет түрінің қажетті кіші түрлерін, яғни су, кәріз, газ, электр энергиясы, телефон байланысы көрсетуі тиіс.

Мәселен, ағымдағы жылдың басында білім беру объектілеріне («Жайлы мектеп» бағдарламасы шеңберінде) сыртқы инженерлік желілерді салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша конкурстар жарияланған кезде біліктілік талаптарында инженерлік желілер мен жүйелерді кешенді салу үшін лицензияланатын қызмет түрінің тиісті кіші түрлерін белгілеу техникалық тұрғыдан мүмкін болмады. Бұл ретте лицензияланатын қызмет түрінің бір кіші түрімен жарияланған конкурс камералдық бақылау қорытындылары бойынша бірнеше рет атап өтілді.

Жоғарыда айтылғандар заңнаманың қолданыстағы нормаларына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталының техникалық кемшіліктері туралы айтады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады.

Ұсыным: Басқармаға веб-порталда кешенді құрылыс белгісін белгілеу және кешенді құрылыс бойынша жұмыстар сатып алу нысанасы болып табылатын қызметтің лицензияланатын түрінің тиісті кіші түрлерінің жұмыс тәжірибесі бойынша біліктілік талаптарын қосу мүмкіндігі туралы ҚР Қаржы министрлігіне ұсыныс жолдау.

II Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Талдау жүргізу барысында Басқарманың ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

III.Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны-19 адамды құрайды, бүгінде штат толық жасақталған.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жұмыстардың мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу бөлімінің бас маманы Б. Б. Жансаулина бала күтімі бойынша демалысқа шығуына байланысты 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін уақытша бос лауазымға ауысу тәртібімен тауарлардың мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімінің бас маманы Н. А. Насырова тағайындалды.

Сондай - ақ, жалпы конкурстың қорытындысы бойынша тауарлардың мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімінің бас мамандары (2 уақытша бос) лауазымына С. С. Қоңыратбай және А. Ш. Өтеуова тағайындалды, алайда негізгі маман - А.Бержанованың жұмысқа шығуына байланысты, тауарлардың мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімінің бас маманы С. Қоңыратбай - (а.ж. 25 мамырынан бастап) атқаратын қызметінен босатылды.

Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2022 жылға арналған табыстары мен мүлкі туралы декларациялар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде ұсынылатын болады. Басқарманың барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің "Ақпараттық қызмет" дерекқорымен тексерілді. Дерекқорға сәйкес Басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер жоқ.

Басқарма қызметкерлерін кадрлық тағайындау облыс әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің жүргізуімен ҚР БП ҚС ж АЕ АК және Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы тексеру жүргізгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Басқарма қызметкерлерімен акциялар, пайлар, жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері орын алған жоқ.

Талданып отырған кезеңде басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 1-1-тармағына сәйкес,  мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар өздері лауазымды атқаруға үміткер ұйымның басшылығын осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.

Талданып отырған кезең бойынша барлық қызметкерлер уақытылы біліктілік арттыру, қайта даярлау курстарынан өтуі персоналды біріңғай басқару қызметінің (кадр қызметі) бекітілген жоспар кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Талданып отырған кезеңде, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес,  тәртіптік жаза қолдану Басқарма басшысының 2023 жылдың 25мамырының №29 бұйрығына сәйкес, сапасыз баяндама дайындағаны үшін тауарлардың мемлекеттік сатып алулар процедураларын өткізу бөлімінің басшысы С.Т.Ильясоваға сөгіс түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.

IV Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету Басқарманың құзыреттілігіне кірмейді.

V Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес Басқармада рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.

VI Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес Басқармада бақылау және қадағалау функциялары жоқ.

VII.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданып отырған кезеңде басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 45 өтініш келіп түсті, оның ішінде 3 өтініш уәкілетті аумақтық әкімшілік органға қайта жіберілді, өйткені оларды қарау Басқарманың құзыретіне кірмейді.

Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштер оқуға шақыру мәселелері бойынша және мемлекеттік сатып алу заңнамасын түсіндіру сұрақтары.

Талдау барысында  өтініштердің барлығына уақытылы жауап берілген, жауаптарында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауап берушіге жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауға құқығының бар екендігі хабарланады.

 VII. Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарманың штатын ұстауға 2023 жылғы 718001015 бағдарламасы бойынша 115179,0 мың теңге қарастырылған (оның ішінде қызметкерлердің жалақысы, салықтар, ағымдағы шығындар, 2023 жылы толық игерілуі жоспарда); 718003015 бағдарламасы бойынша 1500,0 мың теңге қарастырылған және толық игерілген (2021 жылы жаңадан қабылданған басқарма қызметкерлеріне жиһаз жасау бойынша жұмыстар).

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты мекемеге жүктелген функцияларды тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету болып табылады. Бюджеттік бағдарламаның соңғы нәтижелері: басқарма аппаратын ұстау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік мекемеге жүктелген функцияларды тиімді орындау.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

Мемлекеттік сатып алулардың  веб-порталында орналасқан 2023 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдың жоспары 2022 жылдың                                  22 желтоқсанында №1819-ө бұйрығымен бекітіліп, мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2022 жылдың 22 желтоқсанында жарияланды.

         Ұсыным: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірленіп бекітіліуін қатаң түрде қадағалау және бақылауда ұстау.

VIII Жасырын қызметтерді анықтау

Ережеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету Басқарманың құзыреттілігіне кірмейді.

ҚОРЫТЫНДЫ: талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тек нормативтік-құқықтық актілерде анықталды. Қаржы-шаруашылық қызметте, кадр мәселелері және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

ҰСЫНЫМДАР:

  1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабы 3-тармағының 48) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «күрделі құрылыс объектілерінің жобалық құжаттамасын әзірлеуді авторлық қадағалау, күрделі құрылыс объектілерін салуды, реконструкциялауды және күрделі жөндеуді авторлық қадағалау жөніндегі қызметтерді тиісті авторлардың сатып алуы, мыналарды қоспағанда сатып алудың бәсекелестік тәсілдерімен жеткізушіні өз бетінше таңдау үшін жобалаушының авторлық қадағалауды жүзеге асыруын Тапсырыс берушіге беруі» ҚР Қаржы министрлігіне өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жолдау;
  2. Департаменттің аумақтық органдары қабылдайтын шешімдерді бақылауға алу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларының біркелкі қолданылуын бақылауды күшейту туралы ҚР Қаржы министрлігіне ұсыныс жолдау;
  3. Басқармамен қосалқы мердігерлік ұйымдарды қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес тарту мүмкіндігі бөлігінде функционалды келтіру туралы ҚР Қаржы министрлігіне ұсыныс жолдау;
  4. Басқармамен техникалық тексеру бойынша аккредиттеуден бөлек техникалық қадағалау бойынша аккредиттеуді көрсету бөлігінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы ҚР Индустрия Инфрақұрылымдық Даму Министрлігіне ұсыныс жолдау;
  5. Басқармаға веб-порталда кешенді құрылыс белгісін белгілеу және кешенді құрылыс бойынша жұмыстар сатып алу нысанасы болып табылатын қызметтің лицензияланатын түрінің тиісті кіші түрлерінің жұмыс тәжірибесі бойынша біліктілік талаптарын қосу мүмкіндігі туралы ұсыныстар жолдау.
  6. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірленіп бекітіліуін қатаң түрде қадағалау және бақылауда ұстау.
Дата публикации
31 мая 2023
Дата обновления
31 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
05 октября 2026
Ақтөбе облысы мәслихатының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі №352 шешіміне сәйкес 2026 жылға арналған "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ нақтыланған бюджеті
18 сентября 2026
2026 жылғы 1 мамырға арналған " Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы " ММ бюджетінің атқарылуы
18 сентября 2026
2026 жылғы 1 маусымға арналған " Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы " ММ бюджетінің атқарылуы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы